- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада қоғамдық тамақтану нысандарын ЭКСПО халықаралық көрмесіне дайындайды
Астанада қоғамдық тамақтану нысандарын ЭКСПО халықаралық көрмесіне дайындайды

Түгендеу көрмені өткізуге тартылатын кәсіпорындардың мәліметтер базасын жасау үшін сауалнама түрінде өткізіледі. Жобаны жүзеге асыру үшін қаланы алдағы шараға дайындауға және дамытуға өз еркімен үлес қосуға дайын еріктілер тартылады, деп astana.kz хабарлады.
«Қазіргі уақытта Астана қаласының әкімі И.Тасмағамбетовтың тапсырмасымен дирекция қоғамдық тамақтану орындарында түгендеу жүргізеді. Шараны өткізуге еріктілер тартылады. Яғни, ЖОО, колледж студенттері, қаланың ұлттық еріктілер желісінің волонтерлары. Айта кетейін, бұл түгендеу шарасы - тексеру емес. Мейрамханадағы ас мәзірінің түрі, нешеден нешеге дейін жұмыс істейтіні көрсетілген сауалнама парақшасы беріледі. Біз қаланы жұмыс кестесіне қарай барынша жақсы дайындауымыз керек. Кім тәулік бойы істейді, біреулер таңғы асқа қабылдайтын шығар. Сонымен қатар, бізге қай мейрамханаға қанша қонақ сыятынын, оның қайда орналасқанын, қай жерде қандай мейрамхана салу керектігін білуіміз керек. Бәлкім жаңа стандарттар енгізу керек шығар», - деді «ЕХРО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық жүргізу және оны өткізу дирекциясы» ЖШС жобаларды дамыту секторының бас маманы Рузат Әбілдинова. Еріктілер ретінде С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Д.Қонаев атындағы колледж, Қазақ Гуманитарлық заң университетінің студенттері қатысады. Олардың бәрінде дирекцияның өкілі екендігін, жеке басын куәландыратын бэйдж болады.
Жобаны жүзеге асырудың бірінші кезеңі биыл сәуір айынан басталады.
Еске салайық, аталған жобаға халықаралық шараны өткізу үшін қалалық қызметтер саласын дайындау жөніндегі әкімдіктің үш бағдарламасы аясында қызмет ететін «ЕХРО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық жүргізу және оны өткізу дирекциясы» ЖШС бастамашы болып отыр. Атап айтқанда, «Astana Green City» - елорда үшін энергетикалық тиімділік және жаңартылатын қуат көздерін пайдалануға қатысты мәселені шешетін жоба, «Astana mobility» - «EXPO-2017» аясында қаланың көліктік инфрақұрылымы және логистика саласын жаңарту жобасы және «Welcome to Astana!» - «EXPO-2017» көрмесін өткізу барысында және оны өткізгеннен кейін елорда тұрғындары мен қонақтарының тұратын орнының жайлы болуын қамтамасыз ету және қонақжайлылық институтын дамыту жобасы.
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция
-
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі
-
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді
-
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді
-
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары
-
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы
-
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері
-
Пандемия Қазақстан экспортына қалай әсер етті
-
COVID-19: Германия екпе алмағандарға шектеу шарасын енгізбек, ал Италия қоғамдық орындардағы шараларды күшейтпек
-
Тоқаев: Өңірлердегі денсаулық сақтау нысандарының жай-күйі көңіл көншітпейді
-
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты
-
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды
-
Білім беру нысандарындағы қауіпсіздік шаралары қалай ұйымдастырылып жатыр
-
Ұлттық компанияларда қоғамдық кеңестер құрылды
-
АШМ: Экспорт, АШ өнімдерінің көлемі және феpмеpлеpдi қолдау шаpалаpы

