• Басты
  • Жаңалықтар
  • Кейбір сұрақтар бойынша Қазақстан ЕЭК мүше мемлекеттерге қарағанда әлдеқайа дамыған –В.Дворецкий

Кейбір сұрақтар бойынша Қазақстан ЕЭК мүше мемлекеттерге қарағанда әлдеқайа дамыған –В.Дворецкий

11 Сәуір, 2014 12:45
Кейбір мәселелерде Қазақстан ЕЭК-ке мүше мемлекеттерге қарағанда әлдеқайда дамыған. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде «Қосымша металлургия өнеркәсібінің республикалық кеңесі» қауымдастығының төрағасы Владимир Дворецкий мәлімдеді.

«Еуразиялық экономикалық кеңесті құрудың өзі мен КО және БЭК-тің құрылуынан экономикалық қатынастарды нақты іске асыруды мойнымызға жүктейді. Осы орайда оған Беларусьтің, Ресейдің де Қазақстан секілді мүддесінің бар екенін айта кету керек. Олар әрдайым бізбен ұқсас емес, жағдайларымыз да бірдей бола бермейді және даму деңгейіміз е бірдей емес», - дейді В.Дворецкий.

Оның айтуынша, соңғы жылдары Қазақстан Беларусь пен Ресейдің кәсіпкерлік бірлестіктерімен белсенді жұмыс істеп келеді.

«Біз жиі кездесіп, Еуразиялық экономикалық комиссиямен тығыз жұмыс істедік. Аталмыш шешімдердің оңтайлы боуы үшін және барлық тараптың да мүддесінің қорғалуы үшін терең зерттеулермен жұмыс істедік», - дейді В.Дворецкий.

Қосымша металлургия өнеркәсібінің республикалық кеңесі» қауымдастығының төрағасы Владимир Дворецкий мәліметінше, кейір мәселелерде Қазақстан ЕЭК-ке мүше мемлекеттерге қарағанда әлдеқайда дамыған.

«Қейбір мәселелерде Қазақстанның ЕЭК-ке мүше мемлекеттерге қарағанда әлдеқайда дамығандығы жасырын емес. Мысалға, «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңның бөлімдеріне Үкіметтің қабылдайтын шешімдері мен нормативті-құқықтық база немесе кейбір заңдарда біздің артықшылығымыз байқалады», - дейді ол.

Барлық жаңалықтар