Депутаттар «жасыл» заңнаманың еуропалық тәжірибесін зерделейді

11 Сәуір, 2014 11:30
Мемлекет Басшысының тапсырмасын орындау үшін және ҚР-ның «жасыл» экономикаға көшу жөніндегі Тұжырымдамасын ойдағыдай іске асыру мақсатында ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі (ҚР ҚОСРМ) «Жасыл Академия» Ғылыми-білім беру орталығымен бірлесіп, Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының қолдауымен ҚР Парламентінің депутаттары үшін «Жасыл» экономика саласында заңнамалық базаны жетілдіру» тақырыбына семинар-тренинг өткізеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, семинардың мақсаты - «жасыл» экономика әдіснамасы саласында  хабардар болуды  және «жасыл» экономика принциптерін  экономикалық саясатқа  енгізуді нормативтік-құқықтық қамтамасыз етудің еуропалық  тәжірибесін  арттыру.    

Семинар бағдарламасы мынадай тақырыптарды қамтиды: «жасыл» экономикаға көшудің еуропалық  тәжірибесі,ҚР-да  «жасыл» экономиканы дамытудың жай-күйі мен келешегі,табиғи ресурстарды  тиімді пайдалануды құқықтық  реттеу тетіктері,ҚР-ның «жасыл» экономикаға көшу Тұжырымдамасын іске асыру процесін нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету.     

Семинар жұмысына ұлттық  және халықаралық сарапшылар  қатысады.

 

 

 

Барлық жаңалықтар