- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан «Заманауи жібек жолы» туристік өнімін құру бағдарламасының үйлестірушісі болады
Қазақстан «Заманауи жібек жолы» туристік өнімін құру бағдарламасының үйлестірушісі болады
Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан «Түркілік кеңес»: Заманауи жібек жолы» туристік өнімін құру бағдарламасының үйлестірушісі болады, деп хабарлайды ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитеті.
Жоспар бойынша этномәдени және экологиялық туризмды дамытуға бағытталған Ұлы Жібек жолы бойына біріккен туристік бағыт бекітіледі.
Тараптар бірыңғай туристік өнім құру жұмысына Түркі кеңесі елдеріне ұлттық туристік қауымдастық тартуға келісті.
Сонымен қатар, елдер мен оның туристік мүмкіндіктері туралы жалпы ақпарат мен арнайы тур ұйымдастыратын компаниялар туралы тәжірибелік мәліметтерді қамтитын «Түркі кеңесінің Заманауи Жібек жолының туристік жол картасын» дайындау туралы келісімге келді.
ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитеті Марат Иғалиевтің Түркі кеңесі басшысы Халил Акынжымен кездесу қорытындысы бойынша, Қазақстан мен Түркия туризм саласындағы көрме, кәсіби тренингтер, тұрақты семинарлар арқылы мамандармен және тәжірибе алмасу бағдарламасын іске асыратын болады.
Атап айтар болсақ, 2014 жылдың 27 мамыр мен 3 маусым аралығында Белек қаласында қазақстандық қонақжайлық индустриясы өкілдері үшін оқыту семинары өтеді.
Бұған қоса биылғы жылдың жазында Қазақстанда қонақ үй мамандарының біліктіліктерін арттыру бойынша түрік мамандарының қатысуымен кеңейтілген тренинг өткізіледі.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз»