- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы бойынша 1,5 триллион теңге салық жинау міндеті орындалуы тиіс - А.Есімов
Алматы бойынша 1,5 триллион теңге салық жинау міндеті орындалуы тиіс - А.Есімов
Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша консолидті бюджетке 295,2 млрд. теңге соның ішінде салық органдарына 249,2 млрд.теңге түсті. Өткен жылмен салыстырғанда өсу қарқыны 104% немесе 9 млрд. теңгеге көп, деп қалалық әкімдікте хабарлады.
Алматы әкімі Ахметжан Есімов Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша кіші және орта бизнесті қолдау мен несиелеу, банк саласын сауықтандыру және ГПФИИР- 2-ні жүзеге асыру үшін Ұлттық қордан қаржы бөлінетіндігін еске салды.
«Қаланың іскерлік және кәсіпкерлік белсенді орталық екендігі ескеріліп, біздің өңірге де қаржының белігілі бөлігі түседі деп күтілуде. Сондықтан бұл резерті де назарға алған жөн. Ұлттық қор қаржысының барлығы экономикаға қызмет етіп, мемлекетке салық және жаңа жұмыс орнының ашылуы түрінде қайтарылуы қажет. Алматы бойынша 1,5 триллион теңге салық жинау міндеті орындалуы тиіс», - деп атап өтті Ахметжан Есімов.
Ахметжан Есімов қала экономикасы дамуының ерекшелігіне мән бере келіп салықтық әкімшілік сапасын арттыруға айрықша назар аударды. Яғни, қосымша кіріс табу үшін бірқатар шаралар жүзеге асуы тиіс. Мысалы, пәтерлерін жалға беретіндерді анықтап,олар салық органдарында тіркелуін талап еткен жөн. Бұдан өзге, салық салу базасына сараптама жасап, сыртқы жарнамадан түсетін қосымша кіріс көзін қарастыру қажет.
Бұлардан өзге базарларда саудамен айналысатындарға, ТМД елдрінен келетін мигрнаттардан түстеін төлемдерге, басқа бағытардағы жұмыстарға салықтық әкімшілік шарасын күшейткен жөн.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары