- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда ғылымды басқарудың жаңа моделі іске қосылды – БҒМ
Қазақстанда ғылымды басқарудың жаңа моделі іске қосылды – БҒМ
«Қазақстан жолы-2050»: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында Мемлекет басшысы ҚР-ның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына ену бойынша нақты міндеттемелерін айқындады. Осы процеске Қазақстан ғылымы да өз үлесін қосуы тиіс.
«Ғылыми экономикан құру – бәрінен бұрын қазақстандық ғылымның әлеуетін арттыру болып табылды», - деген болатын ел Президенті Н.Ә.Назарбаев.
ҚР ғылыми қызметкерлер күні біртуар оқымысты-геолог, Қазақстандағы металлогений ғылыми мектебінің негізін қалаушы, ірі бай кен орындарының көзін тапқан Қазақстанның ірі ғылыми ұйымдастырушысы – 1946 жылы құрылған Қазақ ССР ғылым академиясының тұңғыш президенті, республикадағы көптеген ғылым бағыттарының негізін қалаушы Қаныш Имантайұлы Сатпаевтың туған күніне орайластырылған. Биыл ол кісінің туылғанына тура 115 жыл толып отыр.
ҚР Білім және ғылым министрінің хабарлауынша, соңғы жылдары Қазақстанда ғылымды қаржыландырудың жаңа механизмдері мен ғылымды басқарудың принципиалды жаңа моделдері жұмыс істей бастады: 2011 жылы ғылымды қаржыландыруға 26,9 млрд теңге бөлінсе, 2012 жылы 46,6 млрд теңге, ал 2013 жылы бұл көрсеткіш 52,9 млрд теңгеге жетті.
Ғылыми жобаларды байқаулық іріктеудің жаңа жүйесі енгізілді: Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама үлттық орталығы мен бес Ұлттық ғылыми кеңес өткізетін тәуелсіз сараптама жүйесі.
Әлемдік ақпараттық ресурстарға – Тhomson Reuters (АҚШ), Springer (Германия), Elsevier (Нидерланды) базаларына қол жеткізілді. Халықаралық рейтингтік басылымдарда ғалымдардың белсенділіктері айтарлықтай өсіп келе жатқаны байқалады: 2011 жылы 894, 2012 жылы 1405, 2013 жылы 1874 еңбек.
ЖОО-ның ғылыми жүйелерге қатысуы кеңейтілді – олардың ғылыми жұмыстарды орындаудағы қатысу үлесі 67%-ға дейін артты. 2011-2013жылдары ЖОО-да 541 ғылыми-зерттеу бөлімдері құрылды.
Екіжақты негізде ғылыми-техникалық әріптестік дамуда – Ұлыбритания, АҚШ, ҚХР, Корея, Жапония, Мысыр, Германия, Италия, Франция, Польша, Ресей, Украинамен ғылым мен техника саласында 30 шақты келіссөз түзілді.
Ірі жетістіктері үшін қазақстандық ғалымдар ғылым мен техника саласында Мемлекеттік сыйақымен, арнайы сыйақылармен марапатталып, ірі ғалымдар мен дарынды жас оқымыстылар үшін стипендия бөлінеді, Президенттің «Болашақ» стипендиясы аясында ғылыми тәжірибелік оқытудан өту мүмкіндігіне ие болады.
Қазіргі таңда ҚР Президентінің тапсырмасына сай ғылыми жаңалық ашу мен инновация енгізугені үшін ғалымдарға әл-Фараби атындағы жаңа Мемлекеттік сыйлық беруді бекіту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады