- Басты
- Жаңалықтар
- Алдағы ҚХА сессиясында азаматтық ұстанымдағы сұрақтар қаралады - В.Салахов
Алдағы ҚХА сессиясында азаматтық ұстанымдағы сұрақтар қаралады - В.Салахов
«Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық бастамадан мемлекеттік институтқа дейін өсті, яғни ол конституциялық тұрғыда бекітілген және ҚР ұлтаралық келісімнің мемлекеттік институты. Қазақстандық қоғамдағы бүгінгі тұрақтылық барлық сұрақтарға өздігінен жауап береді. Осы уақытқа дейін көптеген жағымсыз пікірлерді естідік, олардың ішінде Ассамблея туралы да бар. Менің ойымша бұл түсініспеушілік. Әлемдегі ұлтаралық қуанышты жаңалықтар мен түсініспеушіліктер ұлтаралық негізде болады. Сондықтанда әлемдік қоғам Қазақстан халқы Ассамблеясының қазақстандық үлгісіне көбірек ден қоюда. Мемлекет басшысы еліміз тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап ұлтаралық келісім мәселесін басты назарға алды», - деді В. Салахов.
Қазақстандағы әзірбайжандық мәдени орталықтар одағының президентінің есептеуінше, бүгінде бұдан басқа баламалы және тиімдірек саясат жоқ, оның тиімділігін уақыттың өзі дәлелдеп отыр.
«Стратегия-2050-де Қазақстан халқы Ассамблеясына басты рольдердің бірі берілген, себебі мұндай алға ілгерушілікке тұрақсыз мемлекетте қол жеткізу мүмкін емес. Сондықтанда ҚХА мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігі. Барлық этникалық топтар бір ұлт, бір халық болып табылады», - деп В. Салахов өз ойын толықтырды.
Сонымен қатар, ол Қазақстан халқы ассамблеясының алдағы сессиясында күнделікті өмірде толғандырып жүрген мәселелер қаралады, деп атап өтті.
«Бүгінде Қазақстанда ұлтаралық мәселеге қатысты қандайда бір маңызды сұрақтар жоқ. Менің ойымша сұрақтар ұлтаралық емес, азаматтық ұстаным тұрғысынан болады», - деп қоғамдық қызметкер өз ойын түйді.
Естеріңізге салакетейік, Астанада 2014 жылдың 18 сәуірінде ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың төрағалығымен «Қазақстан-2050» стратегиясы: бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті» тақырыбында ҚХА XXI сессиясы өтеді.
-
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Студенттер жатақханасындағы орын тапшылығы: Мәселе қалай шешіліп жатыр -
Азаматтық авиация: Ұшу қауіпсіздігі, әуежайларды жаңғырту және маман тапшылығы мәселесі -
Халық санағында қазақстандықтар қандай сұрақтарға жауап береді -
АҚДМ қорытындысы: Азаматтық қоғам, ҮЕҰ-нің жұмысы, жастар мен қандастар мәселесі -
Азаматтық бастамаларды қолдау бағытында қолға алынған шаралар -
ШОБ: Алдағы үш айда мемлекеттік қолдаудың жаңа шаралары күшіне енеді -
COVID-19: Вакцинациялауға қатысты өзекті сұрақтар мен оларға жауап -
Сенат отырысы: қабылданған Заңдар, қос азаматтық мәселесі, Арал проблемасы, Таразда ескірген су құрылғылары -
Автокөлік ұрлығына қарсы күрес туралы заң жобасы қаралады -
Алғыс айту күні: ҚХА атынан сайланған Мәжіліс депутаттары қазақ еліне алғыс айтты -
Азаматтық қоғамдағы үкіметтік емес сектордың рөлі -
Қазақстандағы адам саудасы: үш жылда 1100 қылмыс тіркелді