• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Сенаты әкімшілік құқық бұзушлық туралы кодекске енген түзетулерді қабылдады

ҚР Сенаты әкімшілік құқық бұзушлық туралы кодекске енген түзетулерді қабылдады

10 Сәуір, 2014 17:00
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының отырысында палата депутаттары әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енген түзетулерді қабылдады.

Құжат жауапкершілік механизмін кезең-кезеңімен енгізу мақсатымен парниктік газ қалдықтарына бекітілген жеңілдік көлемін арттырғанға әкімшілік жауапкершілікті өзгертуге бағытталған, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі. ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 243-1 бабы бойынша парникті газ қалдықтарына бекітілген жеңілдік көлемін арттырған жағдайда бекітілген көлемнің әрбір жеңілдігінен асырғаны үшін 10 АЕК көлемінде айыппұл төлеу түріндегі әкімшілік жауапқа тартылу қарастырылған.  

Сонымен қатар, кәсіпкерлердің бәсекеге қабілеттіліктерін арттыру мен үдемелі индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясындағы жобаларды іске асыру мақсатында заң жобасы арқылы парникті газ қалдықтары жеңілдіктерін асырғанға айыппұл көлемін 10 АЕК-тене 5 АЕК-ке дейін азайту көзделген.

Палата және де Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын халықаралық парламенттік ұйымдар мен шет елдік мемлекеттердің парламентариясымен Сенаттың әріптестігі бойынша өңірлік топтарға делегациялау ұсынысы мақұлданды.

Барлық жаңалықтар