Астана жастары «Ескерткіштер ел тарихы» акциясын өткізеді

10 Сәуір, 2014 16:00
Экологиялық айлық аясында елордада «Ескерткіштер ел тарихы» атты жастар акциясы өтеді.

Акцияға мектеп оқушылары, студенттер мен жастар ұйымының өкілдері қатысады. Олар қалалық ескерткіштер мен олардың айналасын жөнге келтіреді, деп «Бәйтерек» медиаорталығында хабарлады.

Акция Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен ұлы тұлғаларға арналған ескерткіштер  маңында өтеді. Олар: Бауыржан Момышұлы, Абай Құнанбаев, Александр Пушкин, Мұстафа Ататүрік, Құрманғазы Сағырбайлы.

 

 

Барлық жаңалықтар