- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада 2013 жылға арналған қауіпсіздік және еңбекті қорғау республикалық байқауы қорытындыланды
Астанада 2013 жылға арналған қауіпсіздік және еңбекті қорғау республикалық байқауы қорытындыланды
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау республикалық қоғамдық байқау кәсіподақтар мен жұмыс берушілерді нормалар мен қауіпсіздік ережелерін ұстанғаны, өндірістік жарақаттар мен кәсіби аурулар деңгейін төмендету және төтенше жағдайларды болдырмау үшін ынталандыру мақсатында жыл сайын өткізіледі, деп ҚР КФ хабарлады.
2013 жылы байқауға 118 кәсіпорын және 10 аймақтан келген ұйымдар қатысты. Атап айтатын болсақ, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Астана қаласы. Кәсіподақтар экономиканың келесі салалары бойынша ұсынылды: атом, тау-металлургия, теміржол, денсаулық сақтау, шағын және орта бизнес, білім және ғылым, байланыс, құрылыс, мұнайгаз, ауылшаруашылығы, химия өндірісі.
Кәсіподақ комитеті жыл бойы еңбек бойынша мемлекеттік инспекторлармен бірлесіп кәсіпорындардағы жұмыс орындарымен және қауіпсіздік пен еңбекті қорғау жүйесін зерттеп шықты.
Кәсіпорындарда республикалық қоғамдық байқауды өткізу үшін жұмыс комиссиялары құрылды. Байқау қорытындылары байқау комиссиясының назарына жиналған мәліметтерді ұсыну арқылы ай сайын жасалды. Олар ұжымдық түрде қауіпсіздік және еңбекті қорғау нормаларын бұзбай жүлделі орынға таласты.
Бағалаудың басты қағидасы ретінде әлеуметтік-еңбек қарымқатынасын реттейтін ұжымдық келісімді орындау барысы алынды.
Түрлі номинациялар бойынша жеңімпаздар қатарынан: «Өскемений титан-магний комбинаты»АҚ, «Қазхром» трансұлттық компания» АҚ филиалы «Қазмарганец» кенбасқармасы, Қазақстандық электролизді зауыт, «СNPС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ Мұнайгазөндіруші басқармасы, «Ақтөбелік хромды байланыстырушылар зауыты» АҚ, «Большевичка» өндірістік кооперативі, «Астана телеком» қалалық телекоммуникация орталығы және басқалар көрінді.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды