- Басты
- Жаңалықтар
- Жергілікті қамту ұлттық агенттігі «Ұлттық бренд-2014» көрмесін өткізуді жоспарлауда
Жергілікті қамту ұлттық агенттігі «Ұлттық бренд-2014» көрмесін өткізуді жоспарлауда
«Биыл біз жыл сайынғы қазақстандық қамту форум көрмесінің негізгі құрамы болып табылатын «Ұлттық бренд-2014» көрмесін өткізуді жоспарлап отырмыз. Тауар, жұмыс пен қызмет сатып алуда жергілікті қамтудың біз жүргізген мониторингі мемлекеттік орган, ұлттық холдингтер, жер қойнауын игеруші компанияларды қамтып, қазақстандық өнімді сатып алу сомасының жыл сайынғы өсімін көрсетеді. Жергілікті қамтуды дамыту бағдарламасын іске асырған уақыт аралығында 2010 жылдан бастап 2013 жылға дейін субъектілердің сатып алу мониторингі 30 млн теңге шамасында болды. Соның ішінде отандық тауарлар, қызметтер мен жұмыстар көлемі 17 трлн теңге. Паыздық көрсеткішпен есептер болсақ 2010 жылғы 48 пайыздық көрсеткіштен 2014 жылы 63 пайызға жеткен», - дейді Қ.Бектүргенов.
Өткен жылы, оның айтуынша, төрт ірі жүйе құрушы кәсіпкерліктер тарапынан 1 трлн теңге шамасындағы көлемде тауар сатып алынды. Соның ішінде отандық өндірушілерден сатып алған тауарының үлесі 552 млрд теңгені құрады. Ал импорттың деңгейі тиісінше 430 млрд теңге. Жүйе құрушы кәсіпкерліктердің 2013 жылғы жалпы тауар, қызмет пен жұмыс сатып алудағы отандық өндірушілерден тұтыну көлемі 12% құраған.
«Қазіргі таңда агенттік отандық өндірушілер мен жүйе құрушы кәсіпкерліктердің өзара қатынасы механизмін іске асыру мен дайындау мәселесі бойынша ірі жүйе құрушы компаниялармен бірігіп жұмысқа кірісіп кетті, сонымен қатар қаржылық даму институттарымен де бірігіп қызмет етуде. Бұл механизм ірі кәсіпкерліктердің аралас өндірісін құру мақсатында тапсырыс беруші мен отандық өндірушілердің арасындағы келісімшартты құруды қарастырады», - дейді ол.
Өткен жылы Кедендік бақылау комитеті мен Статистика агенттігінің импорттық мәліметтері негізінде Қазақстандағы молынан сұранысқа ие тауарлардың тізімі дайындалды. Тізімге тауарлар 95 позиция бойынша топтастырылды: химиялық, машинақұрылысы, металл өңдеу мен электрқұрылығылары бойынша.
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Пандемия басталғалы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамту 37% -ға төмендеді -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
Ұлттық қордың қаражаты: Кіріс пен шығын өлшемі