- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР-да 2013 жылы тауарлар мен қызмет көрсетудегі қазақстандық қамту үлесі 63 %-ға жетті - Б.Атамқұлов
ҚР-да 2013 жылы тауарлар мен қызмет көрсетудегі қазақстандық қамту үлесі 63 %-ға жетті - Б.Атамқұлов
«2013 жылдың қорытындысы бойынша тауар мен қызметтерді сатып алу көлемі бойынша мониторинг нәтижесіне сәйкес 8 трлн. теңге болса, оның ішіндегі отандық жеткізушілердің үлесі 5 трлн. теңгені құрады. Демек, тауарлар мен қызмет көрсетудегі қазақстандық қамту үлесі 62,6 %-ға жетті. Ал, қаржылай айтатын болсақ соңғы үш жылда 1 трлн. 701 млрд. теңгеге өсті», - деп Б. Атамқұлов хабарлады.
Оның айтуынша, оң өзгерістер ең алдымен мемлекеттік саясат, үдемелі индустрилизация, нормативті құқықтық базаны жетілдіру, интернет ресурстарды жаңарту, сатып алулардың ашықтығын қамтамасыз ету және отандық тауар өндірушілерді ұзақмерзімді келісімшартпен қамтамасыз ету жұмыстарына байланысты.
Айта кетерлік жайт, қазіргі таңда ұлттық компаниялармен 800-ден астам ұзақмерзімді келісімшарттар жасалған.
«Қазіргі таңда біз нарықтарда үлкен бетбұрыс - тұтынудың төмендеуін байқап отырмыз. Яғни біздің өнімімізді тұтыну көлемі, негізгі шикізаттардың бағасы төмендеп келеді және ол компанияның тұтынуына, ресурстарының төмендеуіне, экономикасына, қаржысына әсер етпей қоймайды», - деп «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы Эдуард Огай мәлім етті.
Жалпы, Э. Огайдың мәліметі бойынша отандық шағын және орта бизнестің тауар айналымы бес жылда 5-6 млрд. долларды құрады.
Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстандық өнім жасаймыз!» V мерейтойлық форум «Қазақмыс корпорациясының» бастамасымен өтуде. Шараға 500-ден астам отандық және шетелдік кәсіпорындардан, профильді ведомство мен даму институтынан келген делегаттар қатысуда.
Форумның мақсаты Қазақмыс компаниясы мен отандық және шетелдік өнім шығарушылар арасында өзара іс-қимыл жасау, өнім жеткізу, жаңа технологиялар енгізу және ынтымақтастықтың өзге де мәселерін талқылау бойынша сұхбаттастық алаңын құру болып табылады.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек