- Басты
- Жаңалықтар
- «Қазақстан - 2050» Стратегиясын жүзеге асыру мәселелері Берлин Еуразиялық Клубының отырысында талқыланды
«Қазақстан - 2050» Стратегиясын жүзеге асыру мәселелері Берлин Еуразиялық Клубының отырысында талқыланды
Отырысқа Германия мен Еуропа қоғамдық-саяси, іскерлік және сарапшылар топтарының көрнекті өкілдері қатысты. Атап айтқанда, ГФР Бундестаг депутаты Кристоф Бергнер, Орталық және Шығыс Еуропа елдерімен экономикалық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі Ассоциациясының төрайымы Уте Кохловски-Каджайя, Funke-Group Kazakhstan компаниясының басшысы Петер Кох, Дрездендегі Техникалық университетінің профессоры Маттиас Крамер, неміс институттары мен компанияларының жетекшілері, басқа да ғылыми-зерттеу ұйымдардың сарапшылары. Қазақстандық тараптан ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының атқарушы директоры Сағындық Нұраханов, Әлемдік экономика және саясат институтының директоры Серік Ақымбеков сөз сөйледі, деп ҚР Сыртқы істер министрлігінде хабарлады.
Клуб отырысы барысында ашық және қызу пікір алмасулар орын алды, Қазақстан және Германия саясаткерлері мен сарапшылары Мемлекет басшысы алға қойған мақсаттарға сәйкес қазіргі Қазақстанның даму үдерістері және т.б. тақырыптар бойынша өздерінің ойларымен бөлісті. Осы орайда ҚР мен ГФР арасында сауда және инвестициялар, білім және ғылым, мәдениет салаларындағы серіктестікті нығайту жолдарына үлкен назар аударылды.
Берлиндік БЕК кездесуіне қатысқандардың жалпы пікірлері бойынша, "Қазақстан-2050" Стратегиясында көрсетілген мақсаттар мен басымдылықтар арқасында республикамызда әлемнің отыз дамыған елдерінің қатарына енуге толық мүмкіндіктер бар. Табиғи және адам ресурстарына бай Қазақстан дамудың жаңа деңгейіне көтерілуге, Германия сияқты дамыған мемлекеттермен диалогты және өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары