- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандық жүргізушілердің тек 40% ғана балаларды тасымалдауда автоорындықты пайдаланады – ІІМ
Қазақстандық жүргізушілердің тек 40% ғана балаларды тасымалдауда автоорындықты пайдаланады – ІІМ
Сауалнамаға 1,7 мыңнан астам адам қатысты. Жүргізушілердің басым бөлігі (40%) 12 жасқа дейінгі балаларды тасымалдау барысында балаларды ұстап отыратын құрылғыларды пайдаланымыз деп жауап берген, деп ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінен хабарлады.
Тағы 7% ЖЖЕ сәйкес бала көліктің алдыңғы орындығында отырғанда автоорындықты пайдаланамын деп жауап берген.
Сауалнамаға қатысқан қалғандарының пікірі былай бөлінді: жүргізушілердің 34% бабаларға қауіпсіздік белбеуін тағады, респонтенттердің 8% ештеме қолданбайтынын айтса, 11% пассивті қорғаныс құралдарын пайдаланудың еш қажеті жоқ деп есептейді, ал басқалары балалар көбіне үлкендердің алдында отырады деп жауап қайтарған.
Осы ретте Жолда жүру көуіпсіздігі бойынша еуропалық кеңестің мәліметі бойынша, Еуропада жаңадан тулыған сәбилер мен 7 жасқа дейінгі балаларды орташа есеппен алғанда жүргізушілердің 90% арнайы автоорындықта тасымалдайды. Ал, ең жауапты жүргізушілер Швеция мен Ұлыбританияда, олардың 95% арнайы құрылғыны пайдаланады.
«Мемлекетімізде 12 жасқа дейінгі балаларды автокөлікпен тасымалдау барысында автоорындықты пайдалану заңнамамен бекітілсе де, тек соңғы уақытта ғана әрқашан бұл құрылғыны пайдаланушылар саны артты», - деп Әкімшілік полиция комитетінің баспасөз хатшысы Ирина Лукьянина хабарлады.
Айта кетерлік жайт, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша автоорындықтарды пайдалану сәбилер өлімін 71%, ал бұүлдіршіндер арасында 54% төмендетеді.
Ал, ауыр жарақаттар алу қаупі бала үлкендердің алдында отырғанда немесе солардың бірімен қауіпсіздік белбеуін бірге тағып отырса артады.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері