• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Президенті Зырян және Аягөз қалаларын ШҚО-ның аудандық маңызы бар қалалар санатына жатқызу туралы Жарлыққа қол қойды

ҚР Президенті Зырян және Аягөз қалаларын ШҚО-ның аудандық маңызы бар қалалар санатына жатқызу туралы Жарлыққа қол қойды

10 Сәуір, 2014 09:48
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Шығыс Қазақстан облысының Зырян және Аягөз қалаларын аудандық маңызы бар қалалар санатына жатқызу туралы Жарлыққа қол қойды, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

««Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес қаулы етемін:1. Шығыс Қазақстан облысының Зырян және Аягөз қалалары аудандық маңызы бар қалалар санатына жатқызылсын.2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», - делінген Жарлық мәтінінде.

 

Барлық жаңалықтар