- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Қорғаныс министрлігі: Әуе күштеріне қарасты 30153 бөлімі жұмысқа кірісті
ҚР Қорғаныс министрлігі: Әуе күштеріне қарасты 30153 бөлімі жұмысқа кірісті
Сапар барысында Бас штаб бастығы Әуе қорғанысы күштеріне қарасты 30153 әскери бөлімінің жаңадан салынған штабының ашылу салтанатына қатысты. Жаңа заманға лайықтап салынған штаб үйінде әскери қызметшілерге барлық жағдай жасалған. Ғимаратта офицерлердің мәжіліс залы, брифинг зал, психологиялық жеңілдеу бөлмесі, тіл үйренушілер үшін лингофон кабинеті, спорт залы, асхана орналасқан. Жаңа нысан қызметке қажетті құрылғылармен толықтай жарақтандырылған, деп ҚР Қорғаныс министрлігінде хабарлады.
Әскери бөлім кезекшісінің қызмет орны да заманауи үлгіге сай жабдықталған. Онда жауынгерлік қызметті атқару үшін бейнеқондырғылар қойылған. Енді кезекші қызмет орнында отырып-ақ, авиациялық бөлімнің аумағын толықтай бақылауда ұстай алады. Штаб үйіндегі әскери қызметшілердің кең де, жарық қызмет бөлмелерінде жұмыс істеу қолайлы.
Әскери әуе күштеріне қарасты 30153 әскери бөлімі 2011 жылғы 25 мамырда құрылып, сол күні Қазақстан Республикасының батыстағы әуе кеңістігін қорғау мақсатында жауынгерлік кезекшілікке кірісті. Осы азғантай уақыттың ішінде әскери ұшқыштар бірнеше халықаралық әскери оқу-жаттығуларға қатысып, тәжірибелерін шыңдады. 2011 жылғы 30 тамызда Конституция күніне арналған әскери парад пен 2013 жылы Қазақстан Қарулы Күштерінің тарихында тұңғыш рет өткізілген жауынгерлік парадқа қатысып, қазақстандықтардың құрметіне бөленді.
Ақтау гарнизонына жұмыс сапары барысында Бас штаб бастығы Ақтау гарнизонындағы әскери нысандарда болып, жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарымен танысты.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
30 жыл: “Тәуелсіздік ұрпақтары” байқауының талаптары мен шарттары -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Тәуелсіздкке 30 жыл: Орта Азия елдерінің театрлары өнер көрсетеді -
Қаржы министрлігі: Ұлттық қор трансферті, бюджеттің атқарылуы және шығыстар мен кірістер -
Қаржы министрлігі: Бюджет шығыстары мен кірістері, мемлекеттік активтерді басқару және мемлекеттік аудит -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді