- Басты
- Жаңалықтар
- Ақмола облысында 28 мектепке дейінгі білім беру мекемесі ашылады
Ақмола облысында 28 мектепке дейінгі білім беру мекемесі ашылады
«Балапан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында 4 жыл ішінде өңірде 15988 орындық 270 мектепке дейнігі білім беру ұйымы ашылды (66 балабақша мен 204 шағын орталық), деп хабарлайды облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы.
Осы уақыт аралығында 14 балабақша ашылып, 22 балабақшаны білім беру бөлімінің балансына қайтарып, қайта қалпына келтірді. 30 жаңа балабақша салынып, мектептер жанынан 204 шағын орталықтар пайда болды.2014 жылы тағы 2325 орындық 28 мектепке дейінгі білім беру мекемесі ашылмақ.
Айта кету керек, «Балапан» бағдарламасының ішкі асырылғанының басты нәтижесі балабақшаға кезекте тұрған бүлдіршіндердің саны 15 мыңнан 13 мыңға дейін азайды. Осы орайда жыл сайын балабақшаға мұқтаж балалардың саны 2500-3000-ға дейін өсіп отыр. Қазірге дейін өңірдегі 0-7 жас аралығындағы балалардың саны 93 514-ті құрайды. Осылайша Ақмола облысында 31 280 баланы тәрбиелеп отырған 522 мектепке дейінгі білім беру мекемесі қызмет етіп тұр.
Сонымен қатар, мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамытуға баса назар аударылуда.Облыста 37 жеке меншік мектепке дейінгі білім беру ұйымы тіркелген, ондағы балалар саны 3797.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Үздіксіз білім берудің әлеуеті қалай -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды