- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Президенті жанындағы комиссия жемқорлыққа қарсы күрес мәселесін талқылады
ҚР Президенті жанындағы комиссия жемқорлыққа қарсы күрес мәселесін талқылады
Отырысқа қатысушылар сот актілерін орындау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды, сонымен қатар мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлық деңгейінің рейтинг жүйесін жетілдіру мәселелерін талқылады, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Ә.Жақсыбеков атап өткендей, статистикалық мәліметтер сот актілерін орындау деңгейі төмендігін көрсетіп отыр. 2013 жылы өндіріп алынуы тиіс болған 2,2 триллион теңгенің іс-жүзінде тек 108 миллиард теңгесі немесе 5 пайызы ғана алынған.
Бұған қоса, сот актілерін орындау саласы сыбайлас жемқорлыққа мейлінше бейім салалардың бірі болып қала беруде.
«Қалыптасқан ахуал орындаушылық өндіріс жүйесін түбегейлі реформалау, пісіп-жетілген мәселелерді шешудің жаңа тәсілдерін әзірлеу қажеттігін көрсетіп отыр», – деп атап өтті Мемлекеттік хатшы.
Отырыс барысында Әділет министрі Б.Имашевтың, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Р.Түсіпбековтің, Бас прокурор А.Дауылбаевтың, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы А. Бәйменовтің есептері тыңдалды.
Отырыс қорытындысы бойынша Комиссия мемлекеттік органдарға Мемлекет басшысы қойған міндеттерді орындауға байланысты бірқатар тапсырмалар мен ұсынымдар берді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Браконьерлермен күрес: Қандай жаза тағайындалады -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде -
Инфляцияға қарсы әрекет ету шаралары -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
АҚШ-та балалар арасында коронавирус көбеюде, ал ДДСҰ COVID-19-ға қарсы 3 препаратты сынақтан өткізбекші -
ӘЭД: Инфляция, азық-түлік бағасының қымбаттауы және дағдарысқа қарсы іс-шаралар -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды