Астанада автокөліктер мен дөңгелектерді пайдалану мәселесі талқыланды

9 Сәуір, 2014 17:40
Бүгін, 9 сәуірде ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінде отандық өндірушілерді кеңейту принципін енгізу бойынша дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге ҚР Қоршаған орта және су ресурстары вице-министрі Талғат Ахсамбиев, «KazWaste» қалдықтарды басқару бойынша қазақстандық қауымдастықтың атқарушы директоры Вера Мұстафина, Қазақстандық автобизнес қауымдастығы президентінің кеңесшісі Наталья Пак, Дөңгелек импорттаушылар мен оларды өңдейтін мамандандырылған кәсіпкерлік өкілдері қатысты.

Айта кету керек, автокөлік пен дөңгелектерді пайдалану Қазақстанның «жасыл» экономикаға өту тұжырымдамасында қарастырылған отандық өндірушілерді кеңейту принципін енгізу аясында қарастырылуда, дейді Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі.

Сарапшылар түрлі елдердің тәжірибелерін қарастырып, соның ішінде Ресей Федерациясында істеген ескі автокөліктерді пайдалану бағдарламасы мен сол секілді еуропалық бағдарламаларды талқылады.

Сонымен қатар, дөңгелек үстелде автокөліктер мен шиналарды пайдалану жүйесін енгізудің түрлі әдістерін қамтитын ұсыныстар қаралды.

«Аталмыш мәселелердің талқылануы жасыл экономика туралы заң жобасына енгізілетін өзгерістер үшін ұсыныстарды жиынтықтауға мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.

Барлық жаңалықтар