• Басты
  • Жаңалықтар
  • Рұқсат жүйесі туралы заң жобасын әзірлеу кезінде бизнес өкілдерінің барлық ұсыныстары ескерілді - Б.Жәмішев

Рұқсат жүйесі туралы заң жобасын әзірлеу кезінде бизнес өкілдерінің барлық ұсыныстары ескерілді - Б.Жәмішев

9 Сәуір, 2014 17:05
«Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» заң жобасын және сәйкес түзетулерді әзірлеу кезінде кәсіпкерлер мен бизнес қауымдастықтардан келіп түскен барлық талап-тілектер мен ұсыныстар ескерілді, деп хабарлады бүгін ҚР өңірлік даму министрі Болат Жәмішев ҚР Парламенті Мәжілісінде заң жобасын таныстыру кезінде.

«Реттеу жүйесіне сыни көзбен қарадық. Сонымен бірге, біз рұқсат жүйесіндегі мәселелерді нұсқаған кәсіпкерлердің, бизнес қауымдастық өкілдерінің пікірлеріне сүйендік. Енді барлық кемшіліктерді жою қажет», - деп ведомство басшысынның сөзін ҚР Премьер-Министрінің сайты келтірді.

Заң жобасының негізді жаңалығы - мемлекеттік органдарды нақты сферада реттеуші саясатты қалыптастыратынға және оны жүзеге асыратынға бөлу. Сонымен бірге, қалыптастырушы мемлекеттік органдар Үкімет бекіткен ережелерге сәйкес рұқсаттардың бизнес іс-қимылына реттеуші әсерін талдау жүргізулері тиіс.

Сондай-ақ заң жобасы арқылы «рұқсаттар» ұғымы енгізіледі; рұқсаттардың жан-жақты тізілімі жазылады; жаңа рұқсаттар енгізу кезіндегі міндетті РӘТ; типтік әдістерді орнатумен реттеу және жіктеуге қатысты нысанның қауіптілік деңгейі бойынша рұқсаттарды санаттау.

Барлық жаңалықтар