• Басты
  • Этномәдени бірлестіктер бір-бірінің проблемаларын зерттей бастады - Д.Абдуллаев

Этномәдени бірлестіктер бір-бірінің проблемаларын зерттей бастады - Д.Абдуллаев

9 Сәуір, 2014 16:00
Бүгін ОКҚ өткен брифингте Жамбыл мен Батыс Қазақстан облыстарының Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері өңірдегі өздерінің қызметтері туралы әңгімелеп берді.

Сонымен, ҚХС мүшесі, облыстық «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы Дуниядар Абдуллаев аймақтағы этномәдени бірлестіктер арасындағы өзара түсіністіктің жаңа деңгейін тілге тиек етті.

«Біз тек өз проблемаларымызды ғана емес бірге тұрып жатқан отандастарымыздыңда мәселелерін зерттеп келеміз. Осының арқасында біз бір-бірімізбен етене жақын болып кеттік. Бұл Елбасының сарабдал саясатының арқасы», -  деді Д.Абдуллаев.

Оның айтуынша, әрқашан бір-бірімізге қамқорлық көрсете отырып ұлтаралық бірлігіміз нығая түседі.

«Әр екі үш жыл сайын жұмыс стилі өзгереді, Қазақстан халқы Ассамблеясының екінші тынысы ашылады. Бұл біздің мемлекетіміздің ұстанымы және біз басқаларға үлгіміз», - деп атап өтті.

Барлық жаңалықтар