- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ҚК жанындағы Сарапшылық Кеңес ҮЕҰ қорлар мен зерттеу орталықтарының жұмысындағы жаңа үрдістерді талқылады
ҚР ҚК жанындағы Сарапшылық Кеңес ҮЕҰ қорлар мен зерттеу орталықтарының жұмысындағы жаңа үрдістерді талқылады
Сарапшылық кеңес отырыстарын өткізу тәжірибесінде пікірлесу алғаш рет Қазақстанның жетекші университеттерінің, Алматы қаласындағы зерттеу институттары мен қорлардың сарапшыларының, сондай-ақ мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен бейнеконференция байланысы арқылы өтті, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Күн тәртібінде үкіметтік емес ұйымдардың, қорлар мен зерттеу орталықтарының жұмысындағы жаңа үрдістер, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ұлттық қауіпсіздік саласындағы болжамдық-талдамалық жұмыстарының мәселелері қамтылды.
Талқылау барысында ҚР Президентінің Көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Қ.П.Қожамжаров үкіметтік емес ұйымдардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық өмірінде алатын маңызды жасампаздық рөліне ерекше тоқталды.
Сарапшылар Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдар саласын реттейтін заңнамасы ТМД кеңістігі бойынша мейлінше либералды саналатынын, ел үкіметі азаматтық бастамаларды дамытуға жан-жақты жағдай жасап келе жатқанын атап өтті.
Қ.Қожамжаров үкіметтік емес ұйымдар қызметіндегі аса түйткілді мәселелерге ерекше назар аудара отырып, олардың ең маңызды миссиясы – Қазақстанның орнықты әрі табысты дамуы екенін айтты. Осыған орай ол ұлттық және халықаралық үкіметтік емес ұйымдарды, қорлар мен институттарды мемлекет пен қоғам үшін стратегиялық маңызы бар міндеттерді орындауда сындарлы қарым-қатынас орнатуға шақырды.
Президент Көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы аумалы-төкпелі халықаралық жағдай мен ұлттық қауіпсіздік алдында тұрған сын-қатерлер отандық сарапшылар қауымы мен мемлекеттің өзара тығыз қарым-қатынас орнатуын талап ететінін айтты.
Отырыс қорытындысы бойынша Сарапшылық кеңес нақты ұсынымдар берді, олар Қауіпсіздік Кеңесі мен оның ведомствоаралық комиссиялары жұмысы барысында пайдаланылатын болды.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері