- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР-да арнайы қажеттілігі бар адамдардың әл-ауқатын жақсарту бағдарламасы іске қосылды
ҚР-да арнайы қажеттілігі бар адамдардың әл-ауқатын жақсарту бағдарламасы іске қосылды
« «Даму-Көмек» мүгедектігі бар кәсіпкерлерге қолдау көрсету» жобасы еліміздегі аса маңызды проблема – кембағал жандарды жұмысқа орналастыруға көмектеседі. Дәл осы жағдайда бағдарлама сөйлесу алаңына айналды, яғни ол бүгінде жұмыс істеп жатқан немесе алдағы уақытта кәсібін ашқысы келген мүгедектігі бар кәсіпкерлерге өздерін толғандырып жүрген мәселелерді ашық айтып сол арқылы демеушілік көмек тартуда септігін тигізуде», - деп «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма мүшесі Ғабит Лесбеков хабарлады.
Жобаға қатысуға өтініш қабылдау 2014 жылдың 1 мамырында басталады.
Пилоттық жоба Қазақстанның үш аймағында - Алматы, Астана және Батыс Қазақстан облысында жүзеге асырылады.
Қордан хабарлағандай, жобаның мақсаты мүгедектігі бар азаматтардың өз әл ауқатын кәсіпкерлік немесе өзін-өзі жұмыспен қамту арқылы жақсартқысы келетіндерге қолдау көрсету.
«Ал, жобаның негізгі бағыты жарымжан жандарға кәсіпкерліктің қыр- сырын үйрету, заң және салық салалары бойынша жекеше консультация өткізу және бизнес-жоспар жасауға көмектесу, сонымен қатар кәсіпкерлік қызметті бастамас бұрын қажетті құрал жабдықтарды алуға септігін тигізу», - деп «Шырақ» мүгедектігі бар әйелдердің қауымдастығы» ҚБ төрағасы Ләззәт Қалтаева ағынан жарылды.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Тұрғын үй нарығында тұрақтылық бар ма -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары