- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада оқушылар арасындағы «Astana STEM Challenge» ғылыми байқауының жеңімпаздары марапатталды
Астанада оқушылар арасындағы «Astana STEM Challenge» ғылыми байқауының жеңімпаздары марапатталды
Бірінші қазақстандық «STEM Challenge» Астана қаласы мектептерінің жетекші командалары қатысты. Атап айтатын болсақ, сайысқа «Назарбаев Интеллектуалды мектепте», «Мирас» халықаралық мектепте, «Зерде» дарынды балаларға арналған мектепте, Қазақ-түрік лицейде, «Нұр Орда» халықаралық мектепте және басқаларда білім алып жатқан оқушылардан 30 команда қатысты.
Жарыс табиғи цикл шеңберінде негізгі пәндер бойынша ғылыми тәжірибе ретінде өтті. Байқауда бақ сынаған топтарға барлығына бірдей жел турбиналарын, автомобильді және күн панельдерін жасап шығару үшін арнайы құралдар берілді. Бұдан басқа электр энергияға, магнитизмге және электр энергиясының заңдылықтарын сақтап қалу мақсатындағы тәжірибелерді жасау үшін де арнайы құралдар жиынтығы берілді.
Өз тәжірибелеріне сүйене отырып қатысушылар қысқа бейнероликтерді жасап шықты. Ал, сарапшылар оларды жобаны жүзеге асыру жолында жұмысты тиімді ұйымдастыру, нәтижеге жетудегі дәлділік, тапсырманы орындаудағы шығармашылық жол, дизайнерлік шешімнің ерекшелігі сынды көптеген критерилерге сүйене отырып бағалады.
Шараны «WikiBilim» қоғамдық қоры «Carolina Biological Supply» компаниясының қолдауымен жүзеге асырды. Ал, балалардың ғылымға, инновацияға және өнертапқыштыққа деген қызығушылығын арттыруға арналған додаға «BeeLine» компаниясы демеушілік етті.
«Келер жылы мүмкіндік болған жағдайда бұл олимпиаданың кеңістігін мобильді интернетпен байланысты қызықты жобаларға және басқа да жаңа тәжірибелерге орай кеңейтпекпіз», - деді «BeeLine Қазақстан» компаниясының коммуникативті коммуникациясы бойынша директоры Алексей Бендзь.
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
«Astana Media Week»: Ковидтан кейінгі әлем және салдары -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
Сарапшылар пікірі: Оқушылар мен студенттерге қандай дағдыларды дамыту қажет -
30 жыл: “Тәуелсіздік ұрпақтары” байқауының талаптары мен шарттары -
АХҚО олимпиада жеңімпаздары Қазақстан мен Ресейдің жетекші ЖОО-ларында білім алмақ -
Әкімдерді сайлау: «Жергілікті тұрғындар мен билік арасындағы байланыс нығаяды» -
Қазақстан мен Үндістан арасындағы стратегиялық серіктестік пен өзара ынтымақтастық -
ІІМ республикалық “Серт” байқауының жеңімпаздарын марапаттады -
Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты -
Вакциналау кестесі сақталмаған өңірлер, төсек-орын жетіспеушілігі және оқушылар арасындағы КВИ -
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізудің маңызы