- Басты
- Жаңалықтар
- АЭФ аясында сарапшылар Қазақстан энергетикасының тұрақтылығын талқылайды
АЭФ аясында сарапшылар Қазақстан энергетикасының тұрақтылығын талқылайды
Мемлекет басшысының Жаһандық энергоэкологиялық стратегиясы мен ЭКСПО-2017 бойынша бастамасын одан ары жылдыту мақсатында Қазақстан, Ресей, АҚШ пен Канаданың оқымыстылары, әлемдік қауымдастық тарапынан қолдау ала отырып «2050 жылға дейінгі Қазақстанның энергетикалық тұрақтылығы болашағының стратегиясы» дайындалады. Аталмыш құжат «Қазақстан-2050» Стратегиясының энергетикалық тұрақтылық мақсаттарына жетуге бағытталған», деп хабарлайды Еуразиялық экономикалық оқымыстылар клубының ресми сайтында.
Стратегия тұжырымдамасы VI Астана экономикалық форумы шаралары аясында таныстырылып, талқыланды. Дайындаушылар БҰҰ Хатшылығы қызметкерлерімен және БҰҰ Бас Хатшылығы кеңсесі қызметкерлерімен бірқатар кездесулер өткізді. Нәтижесінде Қазақстанның ұлттық энергетикалық стратегиясын дайындау туралы шешімі қолдау тапты. БҰҰ Хатшылығы өкілдерінің айтуынша, дайындалған Стратегия «Біз қалайтын болашақ» РИО+20 қорытынды құжатының мазмұнына сай келеді, сонымен қатар 2030 жылға дейінгі «Бәріміз үшін тұрақты энергетика» бастамасы мақсаттарының үдесінен шығады (Энергетикалық тиімділікті еселеу, жаңартылмалы қуат көздерінің үлесін арттыру, заманауи энергетика көздерінің жалпылай қолжетімділігі). Кездесу қорытындысы бойынша қазақстандық стратегиясын іске асыру мен дамыту бойынша ұсыныстар алынды.
Қазақстандық жаратылыстану ғылымдары ұлттық академиясы ҚР Білім және ғылым министрлігі мен «Парасат» ұлттық ғылыми-техникалық холдингімен бірігіп VII Астана экономикалық форумы аясында «2050 жылға дейінгі Қазақстанның энергетикалық тұрақтылығы болашағының стратегиясы» панелді сессиясын өткізу жоспарланған.
Осы орайда аталмыш панелді сессиян өткізуге дайындық тәртібіне сай аталмыш спикерлердің қатысуымен онлайн-конференция өткізілмек.
Аталмыш шарада энергетика мен «жасыл» экономика саласындағы мемлекеттік орган жетекшілері, халықаралық сарапшылар, сонымен қатар алдыңғы қатарлы отандық ғалымдар қатысады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді