Көліккоммин басшысы «Қазжол ҒЗИ» барды

9 Сәуір, 2014 11:15
Көліккоммин басшысы Жеңіс Қасымбек «Қазжол ҒЗИ» «Қазақ жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ-ға (Қазжол ҒЗИ) барып шықты.

Жұмыс сапары барысында министр институттың материалды-техникалық базасымен, соның ішінде заманауи жетекші еуропалық және дүниежүзілік өндірушілердің құралдарымен жабдықталған ғылыми-зерттеулік зертханалық кешенмен танысты, деп ведомствода хабарлады.

Министр «Қазжол ҒЗИ» жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеулеріне және институт зертханасының техникалық жабдықталуына жақсы баға берді. Қазіргі уақытта  «Қазжол ҒЗИ» алдағы құрылыста қолдану мақсатымен инновациялық материалдар мен технологияларды пайдаланып 40 тәжірибелік учаскенің бақылауын жүргізуде.        

Бұдан бөлек, институт білікті мамандар даярлау бойынша ауқымды жұмыстар атқарып жатыр. Атап айтқанда, «Қазжол ҒЗИ» АҚ мен  Калабрия университеті (Италия) тарапынан ынтымақтастық туралы шартқа қол қою туралы шешім қабылданды. Соның ішінде қазақстандық мамандарды оқыту мен бірлескен зерттеулер жүргізу туралы сөз қозғалып отыр. Итальяндық униветситет тарапынан «Азаматтық құрылыс» және «Химия» мамандықтары бойынша оқытуға ұсыныс жасалды.

Сонымен бірге, университеттің химия департаменті және «ҚазжолҒЗИ» АҚ битумдық тұтқырдың температуралық тұрақтылығын арттыру мақсатында бірлескен зерттеулерді жүргізуге келісті.         

Барлық жаңалықтар