- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе облысында жол жөндеуге 14 млрд-қа жуық қаржы бағытталады
Ақтөбе облысында жол жөндеуге 14 млрд-қа жуық қаржы бағытталады
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Асқар Есжановтың мәліметінше, 2011 жылы автомобиль жолдарының жергілікті желілері инфрақұрылымдарын дамытуға 3 392 328 мың теңге бөлінсе, 2013 жылғы көрсеткіш 6 750 299 мың теңгені құрады.
«Атқарылған жұмыстар қатарында облыстық және аудандық деңгейдегі 138 шақырым жолдың күрделі және орташа жөндеумен қамтылғаны аталды. Алға, Хромтау және Темір аудандарында төрт көпір жөнделген. Аудан орталықтарында жалпы ұзындығы 36 шақырым болатын 40 көше қалыпқа келтіріліп, жөндеуден өтті», - деді А. Есжанова.
2014 жылы облыстың және Ақтөбе қаласының жолдарын жөндеу жұмыстарына 7 791 411 мың теңге бөлініп отыр. Жергілікті маңызы бар 60 шақырым жол күрделі және орташа жөндеумен қамтылмақшы.
Мәселен, «Покровка-Кеңқияқ-Ембі», «Қарабұтақ-Комсомол-Северное-Үшқатты» аралығындағы жолдарға күрделі жөндеу аяқталады. Ырғыз селосы мен Ембі қаласына кіре беріс жолдар жаңғыртылады.
Бұл бағытта биылғы жылы облыстық бюджеттен 675 373 мың теңге, республикалық бюджеттен 318 003 мың теңге қаралды. Бөлінген қаржыға аудандардағы 38 көше жаңармақшы.
Облыс орталығында Ақтөбе-Мәртөк бағытындағы рельс арқауы зауыты маңындағы кірме жол құрылысы аяқталып, қаланың 15 көшесі күрделі жөндеуге тартылады.
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай