Мәжіліс Қылмыстық кодекс жобасын мақұлдады

9 Сәуір, 2014 10:35
Бүгін Мәжілісте Палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен өткен жалпы отырыста Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің жобасын ілеспе түзетулерімен екінші оқылымда мақұлдады.

 

«Депутаттар заң жобасын екінші оқылымға әзірлегенде 300-ден астам түзетулер енгізген болатын. Максималды қамау екі есеге қысқарды, яғни 6 айдан 90 күнге дейін. Осы орайда Үкімет ұсынған  58 құрамның оны Әкімшілік кодекстен Қылмыстық кодекске ауыстырылды», - деді Заң және құқықтық-сот комитетінің мүшесі Нұрлан Әбдіров.

Депутаттар заң жобасын екінші оқылымға әзірлегенде 300-ден астам түзетулер енгізген болатын. Атап айтқанда, депутаттар жобадан әкімшілік құқық бұзушылық ретінде қылмыстық теріс қылықтардың жекелеген құрамдарын ӘҚБтК жобасына көшіруді, әкімшілік преюдиция  институтын алып тастауды, қамаққа алу мерзімін қысқартуды, Қылмыстық кодекс жобасында қамаққа алуды қолдануға болатын қылмыстық теріс қылықтар санын қысқартуды ұсынды.

Жалпы, Кодекс жобасы жүзеге асыратын бағыттар бірінші  тұрғыдан алып қарағанда қылмыс жағдайына толеранттылық көзқарасты танытады, бұл қылмыс бірінші рет немесе әлеуметтік нашар қамтылған адамдар қатысқаны болса, ал екінші тұрғыда ауыр қылмыстың жазасы тым ауыр болып келеді, деді Мәжілісте. Бұл пішінді 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізу жоспарлануда.

 

Барлық жаңалықтар