• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мәжіліс экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заң жобасын жұмысқа алды

Мәжіліс экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заң жобасын жұмысқа алды

9 Сәуір, 2014 10:25
Бүгін Мәжілісте Палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен өткен жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын жұмысқа алды.

Пленарлы отырыста  Мәжілістің  халықаралық істер, қауіпсіздік және қорғаныс комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев  заң жобасымен экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы реттейтін қатынастарды одан әрі жетілдіруге бағытталған бірнеше түзетулер енгізу көзделгенін айтты.Атап айтқанда: экстремистік немесе  террористік мазмұндағы ақпараттық материалдарды тарату, экстремизмді және террористік қызметті қаржыландыру мәселелерін реттейтін құқықтық нормалар жетілдіріледі.

 

 

Барлық жаңалықтар