«ҚазАгроҚаржы» АҚ-на 13 млрд теңгенің техникасын алуға өтінім келіп түсті

9 Сәуір, 2014 10:30
Егіс науқанына қарай фермерлерден «ҚазАгроҚаржы» АҚ-на 1365 бірлік техникаға өтінім келіп түсті.

Көктемгі-егіс жұмыстарына дайындық шеңберінде «ҚазАгроҚаржы» компаниясына жалпы сомасы 13 млрд. теңгеге  1365 бірлік техника сатып алуға өтінім келіп түсті.

Бүгінгі таңда шаруагерлермен жалпы құны 3 664 млн. теңгеге 479 бірлік егіс техникасын сатып алуға қаржы лизингі шарттары ендігі жасалып та қойды, деп «ҚазАгроҚаржы» АҚ-да хабарлады.

Ал енді тағы да 886 бірлік техникаға тапсырылған өтінімдер компанияның несие комитетінде қаралу үстінде, таяу арада еліміздің егіс алқаптарында старт бермек.

Көктемгі-егіс жұмыстары шеңберінде диқаншылардың сатып алатын техникаларының көпшілігі қазақстандық өндірістің жасап шығарған техникалары, атап айтқанда, ең әйгілі үлгілерінің бірі – Семейдегі «СемАз» автоқұрастыру зауытында құрастырылған «Белорус» тракторы екенін айтып кеткен жөн.

Сөздің реті келіп тұрғанда айта кету керек, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау мақсатында, 2013 жылдан бастап «ҚазАгроҚаржы» АҚ ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға арналған алғы төлемді 25%-дан 15%-ға төмендетті. 2014 жылдың көктемгі-егіс жұмыстарына дайындалу шеңберінде кепілзатпен қамтамасыз етумен бірге   алғы төлем де лизинг заты құнының  15 % құрайды.

Жалпы «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі ағымдағы жылдың көктемгі-егіс жұмыстарына 61,6 млрд.теңге бағыттауды жоспарлап отыр, оның 40 млрд.теңгесі бюджеттік несие. Ағымдағы жылы егіс жұмыстарына несиелер еншілес компаниялар арқылы өткен жылдағы ұқсас несиелік өнімдер бойынша беріледі.

Бұдан басқа «ҚазАгро» алғашқы рет көктемгі-егіс жұмыстарын екінші деңгейлі банктер арқылы қаржыландыратын болады.

 

 

Барлық жаңалықтар