- Басты
- Жаңалықтар
- Сенат вице-спикері ЕКПА төрағасымен кездесті
Сенат вице-спикері ЕКПА төрағасымен кездесті
ЕКПА Төрағасы А. Брассер Қазақстан Парламенті мен ЕКПА арасындағы Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылуына 10 жыл толғанда өткен кездесудің ерекшелігін атап өтіп, Еуропа Кеңесі парламенттік институты мен Қазақстан Республикасы Парламентінің арасындағы үнқатысудың үдей түсетініне сенім білдірді, деп Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.
Сенат төрағасының орынбасары Еуропа Кеңесімен ынтымақтастықты дамыту Қазақстан сыртқы саясатындағы басымдықтар қатарында екенін атап өтті. А.Бейсенбаев Қазақстан Парламенті мен ЕКПА арасындағы өзара іс-қимыл өзара түсіністік пен сенім аясында дамуда екенін айтып, Қазақстан Республикасы сыртқы саясатындағы бастамаларға Ассамблея басшылығының қолдау көрсетіп келе жатқанына тоқталды.
Қазақстан Республикасы Парламенті делегациясының жетекшісі еліміздің Мемлекет басшысы Н.Назарбаев халыққа Жолдауында 2050 жылы әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруді көздейтін «Қазақстан-2050» жаңа мемлекеттік стратегиясын жария еткенін А.Брассерге жеткізді. Жаңа саяси бағыт қазақстандық қоғам өмірінің барлық саласына қатысты, мемлекеттілікті және демократияны одан әрі нығайту жөніндегі қадамдар қарастырылған.
2017 жылы Астанада «Болашақтың энергиясы» тақырыбы бойынша энергия жинақтау және балама энергия көздерін енгізу мәселелеріне арналған Дүниежүзілік «ЕХРО – 2017» мамандандырылған көрмесі өтеді. Қазақстан экологиялық қауіптер мен энергия тапшылығының жаһандық мәселелерін шешуге өз үлесін қосуға ниеттеніп отыр. Энергияның балама көздерін дамытудағы және жаңа технология мен биоотын өндіруде инновацияны пайдаланудағы Люксембургтің тәжірибесін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Парламенті делегациясының жетекшісі А.Бейсенбаев люксембург компанияларын көрмеге белсенді түрде қатысуға шақырды.
Кездесуге сенаторлар Владимир Бобров пен Орынбай Рахманбердиев қатысты.Сол күні қазақстандық делегацияның мүшелері ЕКПА-ның бұрынғы төрағасы, Түркияның Еуропалық Одақпен байланыстар жөніндегі министрі М.Чавушоглумен және ЕКПА-дағы түрік делегациясының мүшелерімен кездесті. М.Чавушоглу саяси түрақтылық және экономикалық өркендеу негізінде Қазақстанның қарқынды дамуына жоғары баға беріп, түркітілдес елдердің мойындалған көшбасшысы ретінде Президент Н.Ә.Назарбаевтың рөлін атап өтті.
Сенат төрағасының орынбасары А.Бейсенбаев Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіне және Астанада ЕҚЫҰ Саммитін өткізу идеясына ЕКПА басшысы ретінде қолдау білдіргені, сондай-ақ 2012 жылы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің IV Съезіне қатысқаны үшін М.Чавушоглуға ризашылық білдірді.
-
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
Тоқаев ДДСҰ-ның Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуспен кездесті -
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады -
Сенат отырысы: қабылданған Заңдар, қос азаматтық мәселесі, Арал проблемасы, Таразда ескірген су құрылғылары -
Автокөлік ұрлығына қарсы күрес туралы заң жобасы қаралады -
Сенат: Заң жобаларын қоғамдық талқылау тәсілдері кеңейтілмек -
Сенат отырысы: Қазақстанның көлік жүргізушілеріне қатысты жаңа Заң қабылданды -
Сенаторлар пікірі: «Парламент қоғамдағы мәселелердің шешімін табатын орталыққа айналмақ» -
Сағынтаев Алматы қалалық мәслихатының жаңа депуттарымен кездесті -
Cайлау-2021: Үкімет басшысы, Сенат Төрағасы, Мемлекеттік хатшы алғаш болып дауыс берді -
Тоқаев қайырымдылық, волонтерлік ұйымдардың, бизнес-сектордың өкілдерімен онлайн форматта кездесті -
Сенат отырысы: Қандай заң жобалары қабылданды -
Сенат депутаты: Дәстүрлі білім беруді жалғастыру мәселесін қарауымыз қажет -
Жаңадан сайланған Сенат депутаттары төсбелгілерін алды