• Басты
  • Жаңалықтар
  • Алматыда 15-ші Қазақстандық Халықаралық «Білім және мансап атты» көрме өтеді

Алматыда 15-ші Қазақстандық Халықаралық «Білім және мансап атты» көрме өтеді

9 Сәуір, 2014 09:15
10 және 12 сәуір аралығында Алматы қаласында «Атакент» Қазақстан іскерлік ынтымақтастық орталығында 15-ші Қазақстандық Халықаралық «Білім және мансап атты» көрмесі өтеді.

Осы жылы әлемнің 15 елінің: Беларусь Республикасы,  Израиль, Қазақстана, Канада, Қырғыз Республикасы, Латвия, Литва, Малайзия, Польша, Ресей, Румыния, Сингапур, Словакия, АҚШ, Швейцария және басқа да елдердің 150 білім беру мекемесінің өкілдері келушілерге әлемнің әр еліндегі білім беру жүйелерін таныстырып, Қазақстан мен шетелде оқудың үздік бағдарламасын таңдауға көмектеседі, деп ұйымдастыру комитетінде хабарлады.

Көрмеге ұлттық білім беру құрылымдарының  қатысу дәстүрге айналған. Осылайша, Ресей көрмеге өзінің 45 жоғары оқу орнын, Литва 18 оқу орнын, Польша 13 жетекші университтерімен таныстырады. Қазақстан Астана мен аймақтардағы мемлекеттік және жекеменшік жоғары оқу орындарын таныстыратын болады. Алматы қ. Білім беру басқармасы талапкерлердің назарына дуальді білім беру жүйесі енгізілген 20 астам мемлекеттік колледжді ұсынады.

Көрме есігі бітіруші сыныптардағы оқушылар, талапкерлер, студенттер және олардың ата-аналары үшін, сондай-ақ сала кәсіпқойлары үшін ашық. Олар көрменің үш күндік жұмысы барысында Қазақстан мен шет елдердегі бакалавриат және МБА бағдарламалары, бизнес бағдарламалар мен оқыту жүйелері туралы мәлімет алудың бірегей мүмкіншілігіне ие болып, жетекші жоғары оқу орындары мен үздік бизнес-мектептерінің өкілдерімен бетпе-бет сұхбаттасып, осы елдердегі жоғары орындарына оқу түсу үшін қойылатын талаптарды, оқудың бағасы, шәкіртақылар мен гранттар және біздің ел мен шетелде білім алудағы анағұрлым тиімді әрі қызықты ұсыныстары туралы толыққанды ақпарат алуға септігін тигізетін басқа да мәлімет алуға мүмкіндік береді.

 

 

Барлық жаңалықтар