- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР-да мектеп оқушыларының тамақтануын ұйымдастыруды жетілдіруге арналған онкүндік өтуде
ҚР-да мектеп оқушыларының тамақтануын ұйымдастыруды жетілдіруге арналған онкүндік өтуде
СӨСҚПҰО баспасөз қызметінде хабарлағандай, Мемлекет басшысының 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы -2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтану, тұрақты профилактикалық тексерулерден өту - аурулардың алдан алудың негізі екенін атап көрсетілді.
Жолдауда айтылған Елбасы тапсырмаларын орындау мақсатында және «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары Ұлттық орталығының (СӨСҚПҰО) қолдауымен республикада 2014 жылы 1-10 сәуір аралығында «Дұрыс тамақтану - үздік білім арқауы!» ұранымен мектеп оқушыларының тамақтануын ұйымдастыруды жетілдіру жөнінде онкүндік өткізілуде.
Шара мақсаты дұрыс тамақтану туралы ақпараттандыруды арттыру арқылы мектеп оқушыларының денсаулығын сақтау және нығайту, білім беру мекемелерінде оқушылар үшін сапалы тамақ дайындауға жағдай жасау, салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал ету.
Онкүндік шеңберінде еліміздің барлық өңірлерінде жергілікті атқарушы органдар, Тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі агенттік, білім және ғылым мамандарының, СӨС қызметі, БАҚ мамандарының қатысуымен азық-түліктің сапасы мен қауіпсіздігін, мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз етуді бақылау мәселесі бойынша дөңгелек үстелдер мен баспасөз мәжілістеріне семинарлар өткізілуде.
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
Елорданың дамуы: Қолжетімді баспа мен мектеп құрылысы, тұрғын үй және газбен қамту мәселері -
БҒМ: Мектепке жұмысқа тұру тәртібі, тестілеуді электронды форматқа көшіру және дипломды цифрландыру -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері -
Қазақстанның білім беру нысандары қалай күзетіледі -
Мектеп қауіпсіздігі – маңызды міндет