• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астана және Алматы қалаларында әлемдік деңгейдегі колледждердің құрылысы басталды

Астана және Алматы қалаларында әлемдік деңгейдегі колледждердің құрылысы басталды

8 Сәуір, 2014 18:33
Үкімет Қазақстан Республикасы Президентінің әлемдік деңгейдегі колледждер құру туралы тапсырмасын іске асыру мақсатында құрған «Холдинг «Кәсіпқор» коммерциялық емес акционерлік қоғамы 2015 жылдың қыркүйек айында Астана және Алматы қалаларында әлемдік деңгейдегі колледж құрылысын бастады.

«Туризм и гостиничное дело», «Строительство и ЖКХ», «Энергетика», «Инженерия», «Дизайн», «ИКТ» мамандықтары бойынша білім беретін әлемдік деңгейдегі колледждер есігін ашады, деп Қазақстандық баспасөз клубы хабарлады.

Холдинг «Кәсіпқор» КЕАҚ өкілдері және мердігер компания «АБК Құрылыс» ЖШС (BI-Group компаниясының еншілес ұйымы) құрылыс алаңында кездесу өткізді. Кездесу кезінде кейбір объектілер құрылысы туралы мәселелер талқыланып, болашақ әлемдік деңгейдегі колледж құрылатын алаң қаралды және бірінші тіреуі қағылды.

Холдингтің Астана және Алматы қалаларындағы әлемдік деңгейдегі колледждері бойынша стратегиялық әріптестері Білім беру консорциумы PEARSON, Ұлыбритания (инженерия мектебі, туризм және мейманхана ісі мектебі) және Технология институты CHALLENGER, Австралия (құрылыс мектебі, АКТ мектебі).

   

Барлық жаңалықтар