- Басты
- Жаңалықтар
- Н. Назарбаев пен Қ. Мәми сот жүйесінің дамуын талқылады
Н. Назарбаев пен Қ. Мәми сот жүйесінің дамуын талқылады
Кездесуде сот төрелігін атқарудың қазіргі кезеңдегі жай-күйі, сондай-ақ соттардың қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі перспективалық міндеттер талқыланды, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Нұрсұлтан Назарбаев судьялардың саны артқанын және олардың жұмысын жақсарту үшін барлық қажетті жағдайлар жасалғанын атап өтті. Осыған байланысты Мемлекет басшысы қазақстандық судьялардың қызметі алдағы уақытта сапалы жаңа деңгейге көтерілуі тиістігіне тоқталды.
Жоғарғы Сот төрағасы Мемлекет басшысының VI судьялар съезіндегі тапсырмаларының іске асырылу барысы, сот өндірісін жеңілдету, сот қызметінде төрешілдік рәсімдерді азайту жөнінде жүргізілген жұмыстар мен азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге, сот төрелігін атқару сапасын жақсартуға бағытталған шаралар туралы баяндады.
Қ.Мәми сот төрелігін атқару үдерісіне араласудың алдын алу, сондай-ақ сот билігінің имиджін нығайтуға бағытталған өзге де мәселелерді қарастырған, сот билігінің тәуелсіздігі индексін көтеру жөніндегі Жоғарғы сот әзірлеген іс шаралар жоспары туралы хабардар етті.
Бұдан бөлек, Жоғарғы Сот төрағасы сот төрелігіне қолжетімділікті арттыруды, істерді қараудың сотқа қатысушыларға ыңғайлы тәртібін, бітістіру үдерістерін кеңінен қолдану мен заманауи технологияларды пайдалануды қарастыратын Азаматтық іс-жүргізу кодексінің жаңа жобасына қатысты жұмыстардың барысы туралы баяндады.
Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы елдің сот жүйесін әрі қарай дамыту жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады