• Главная
  • ЕХӘҚМ қызметкерлері бір күндік жалақыларын Көкпекті ауылының тұрғындарына аударды
8 апреля, 2014 18:15

ЕХӘҚМ қызметкерлері бір күндік жалақыларын Көкпекті ауылының тұрғындарына аударды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі басшысының бастамасымен ведомство астындағы ұйымдар бір күндік жалақыларын Көкпекті ауылының тұрғындарына аударды. Қаражат Қарағанды облысының су астында қалған ауылы үшін арнайы ашылған қорда жиналады.
ЕХӘҚМ қызметкерлері бір күндік жалақыларын Көкпекті ауылының тұрғындарына аударды

Азаматтық борышын орындап, Көкпекті тұрғындарына көмек көрсетуге 800 адам ынта білдірді. Министрлік аппаратын қоса, «ГФСС» АҚ, «ИАЦ» АҚ, «РПОЦ» АҚ, «ГАК» АҚ, «ГЦВП», РГКП «РНИИОТ», «КПК» МК қызметкерлері өз жалақыларын жіберді. Қорға енген жалпы сома 3,5 млн теңгені құрады, деп ЕХӘҚМ хабарлады.

Қордың барлық қаражаты дамбының тасуынан зардап шеккен адамдарға бағытталады. Яғни, азық-түлік пен бірінші қажеттегі заттарға жұмсалмақ.