• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР-да 6 жыл өту кезеңі ішінде ДСҰ тұрғысында заңды отандық қайта өңдеу саласына қолдау көрсету тәсілдері жасақталады - Ж.Айтжанова

ҚР-да 6 жыл өту кезеңі ішінде ДСҰ тұрғысында заңды отандық қайта өңдеу саласына қолдау көрсету тәсілдері жасақталады - Ж.Айтжанова

8 Сәуір, 2014 17:10
ҚР-да 6 жыл өту кезеңі ішінде ДСҰ тұрғысынан алып қарағанда заңды отандық қайта өңдеу саласына қолдау көрсету тәсілдері жасақталады. Бұл туралы бүгін ОКҚ өткен брифингте ҚР Экономикалық интеграция істері жөніндегі министр Жанар Айтжанова мәлім етті.

«Қазақстанның аумағында тіркелген және жұмыс істеп жатқан 10 экономикалық аймақтың резиденттері үшін  өту кезеңі 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін бекітілді. Кедендік одақ аясында дәл осындай келісім бар. Демек, біздің келісімдеріміздің арасында арақатынас орнатылады»,- деді ол.

Сонымен қатар, оның айтуынша, Қазақстанда ДСҰ мүше негізгі мемлекеттермен келісім-шарттарда жер қойнауын пайдалануда қазақстандық қамту туралы келісім бар.

«Бізде жер қойнауын пайдалану - экономиканың негізгі секторы және шетелдік, отандық инвесторлармен келісімге отыру барысында тауарды немесе қызметті сатып алу үшін отандық жеткізушілермен және өндірушілермен жұмыс істеу туралы қазақстандық қамту шарты бар», - деп министр хабарлады.

Ол атап өткендей, қызмет көрсету бойынша жеңілдіктер ДСҰ енгеннен кейінде қала бермек.

«Бұл ДСҰ келісіміне қарама-қайшы келмейді. Ал, тауарға қатысты айтатын болсақ, ол ДСҰ негізгі келісіміне сай емес.  Сондықтанда біз ену үшін 6 жылдық өту кезеңі туралы келістік. Осы алты жыл ішінде біз ДСҰ қағидаттарына қарсы келмейтін баламалы және заңды отандық қайта өңдеу саласына қолдау көрсету тәсілдерін жасақтаймыз», - деп ол толықтырды. 

Барлық жаңалықтар