ЕЭК аясында бірыңғай валюта енгізу жоспарда жоқ – Б.Сағынтаев

8 Сәуір, 2014 16:30
Еуразиялық Экономикалық кеңес аясында бірыңғай валюта енгізілу жоспарланып отырған жоқ, ұлттық валюта сақталады. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі брифингінде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді.

«Бұл алып қашпа сөздердің қайдан пайда болатынын білмеймін, біз бірыңғай экономикалық валюта құру мәселесін мүлде көтерген емеспіз және келісім жобасында да қарастырылмаған», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Оның айтуынша, Қазақстан интеграциялық процестер кезінде өз валютасынан айырылмақ емес.

«Қазақстанда теңге қала береді», - деді Үкімет басшысының бірінші орынбасары.

Айта кету керек, Ресей Үкіметінің бірінші вице-министрі Игорь Шуваловтың мәліметінше, Кедендік Одақ елдерінің Орталық банкін құру жұмыстары 2025 жылға қарай аяқталмақ.

Барлық жаңалықтар