- Басты
- Жаңалықтар
- Еуразиялық экономикалық одақ саяси бірлестік емес - Б.Сағынтаев
Еуразиялық экономикалық одақ саяси бірлестік емес - Б.Сағынтаев
«Еуразиялық экономикалық одақтың саяси бірлестік емес екендігін еске салған жөн. Келісімнің негізі тек экономикалық ынтымақтастық. Біздің сөйлесу командамыз еліміздің одақты саясаттандырмау және оның шеңберінде ұлттық құзырет пен мелекеттің тәуелсіздігіне қатысты сұрақтарды қозғамауға қатысты өз позициясын қорғап қалды»,- деді Б. Сағынтаев.
Сонымен қатар, оның айтуынша, экономикалық мақсатқа еш қатысы жоқ сұрақтар келісім жобасы аясында еш көтерілмеді.
«Еуразиялық экономикалық одақ құрылғанымен ҚСРО-ға қайта оралмаймыз. Тараптардың егемендік теңдік, тең құқықтық және ұлттық мүддесін есепке алу принциптері ескерілген. Айта кетерлік жайт бізде үшінші мемлекетпен немесе халықаралық ұйымдармен келісімге отыруға тиым салынбаған, бұл біздің сыртқы саясатымыздың көпвекторлы принціпі. Біз теңқұқылы экономикалық кеңістіктің принципті жаңа деңгейіне шығудамыз. Осы ретте біздің тәуелсіздігіміз мызғымастан қала бермек», - деп ҚР бірінші вице-премьері өз ойын толықтырды.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев «Егер қандайда бір ұйым біздің егемендігімізге, конституциямызға қол сұғатын болса ол ұйымды бірден таптас және шығып кетеміз», деп мәлімдеген болатын.
-
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Ауғанстан: күн сайын өзгерген саяси ахуал жайлы -
Тоқаев: Мақсатымыз - Орталық Азияны тұрақты, экономикалық жағынан дамыған өңірге айналдыру -
Елордадағы эпиджағдай: инфекциялық стационарлардың жүктемесі 70%-дан асты -
Қ.Көшербаев: Қаныш Сәтбаев халқына қызмет етуді бір сәтке болсын тоқтатқан емес -
Дәрігер: «Пандемияда науқасқа психологиялық қолдау көрсету де оңай емес» -
Биліктегі 2 жыл: несие амнистиясы, жер мәселесі және саяси-әлеуметтік реформалар -
Сарапшы пікірі: "Газ бағасының өсуі - барлық шығынды есепке алғанда түк емес" -
Тоқаев саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеу жариялады -
31 мамыр: Саяси құрбандарды ақтау, мемлекеттік комиссия жұмысы және әлеуметтік төлемдер