• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында Ақтауда 200 отбасы баспаналы болды

«Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында Ақтауда 200 отбасы баспаналы болды

8 Сәуір, 2014 15:30
Облыс орталығында «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынған 5 көппәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді.

Облыс әкімі Алик Айдарбаев мемлекеттік бағдарлама қатысушыларына жаңа пәтер кілтетрін табыстады.

Өңір басшысының айтуынша, өткен жылы тұрғын үй құрылысы бойынша жоспар 4,5 пайызға артығымен орындалған. Осылайша 2013 жылы532,7 мың шаршы метр үй пайдалануға берілген.

«Кезектегілер үшін тұрғын үй құрылысы бағыты бойына республикалық бюджеттен 1 млрд-тан астам қаражат бөлінген. Облыс аудандарында 31 жаңа үй салынып елдің игілігіне ұсынылған. Жас отбасылар үшін жалға берілетін тұрғын үй бағыты бойынша Ақтау қаласында жалпы ауданы 12,5 мың шаршы метр болатын 100 пәтерлі үй мен 40 пәтерлі бес үй салынды. Сонымен қатар, Ақтау қаласы ішкі істер органдары қызметкерлеріне арналған 120 пәтерлі тұрғын үй салынды», - дейді облыс әкімі.

Оның айтуынша, биыл Ақтау қаласының 32 «А» шағын ауданындағы 24 гектар жерге мемлекеттікк бағдарлама үйлері көптеп салынбақ. Жыл басынан бері осы тұрғын үй сілемінен 100 отбасы жаңа үй алған.

Қазіргі таңда тұрғын үй кезегінде 5,5 мыңдай азамат тіркелген.

Барлық жаңалықтар