Қазақстанға Бахрейн Корольдігінің шейхы келеді

8 Сәуір, 2014 15:00
Бахрейн Корольдігінің шейхы Қазақстанға ресми іс-сапармен келеді. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

«Мемлекет басшысының шақыруымен 13-15 сәуірде елімізге ресми сапармен Бахрейн корольдігінің шейхы Хамад бен Иса аль-Халифа келеді. Бұл өте маңызды, тұңғыш рет орын алып отырған іс-сапар», - деді А. Әбибуллаев.

Оның айтуынша сапар барысында шейх  Мемлекет басшымен де кездеседі деп жоспарлануда.  

« Осы сапар аясында сауда-экономикалық, саяси, инвестициялық басқа да мәселелер қарастырылады. Шейхпен бірге  екі жүзден  астам адам келеді», - деді ресми өкіл.

 

 

 

Барлық жаңалықтар