- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Бас Прокуратурасы заңсыз төленген айыппұлдарды кәсіпкерлерге қайтару шараларын жүзеге асыруда
ҚР Бас Прокуратурасы заңсыз төленген айыппұлдарды кәсіпкерлерге қайтару шараларын жүзеге асыруда
«Мемлекеттік архитектуралық-құрылыс бақылау органдарының тексерісі нәтижесінде 574 кәсіпкерлік субъектілері 90 млн теңге көлемінде негізсіз әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Кәсіпкерліктерге аталмыш айыппұлдарды төлеу мәжбүрленіп, тиісінше жағдайда олардың нысандарының жұмысының жалғастырылуына тосқауыл қойылған. Жоғарыда айтылған жағдай мемлекеттің кәсіпкерліктің дамуына қолайлы жағдай жасау туралы саясатына теріс келеді», - дейді Бас Прокуратураның 1-інші Департаменті бөлімінің прокуроры Мұқаш Қуанышбаев.
Қазіргі таңда Бас Прокуратура төленген айыппұлдарды кәсіпкерліктерге қайтарып беру бойынша шараларды қолға алуда.
Айта кету керек, «Мемлекеттік тексеру және бақылау туралы» 28 Заңның 1 бабына сай аталмыш Заңда бекітілген тексерістерді жүргізу мен ұйымдастыру талаптарын өрескел бұза отырып тексеру органдары тарапынан жүргізілген тексеріс заңсыз болып табылады.
«Осы орайда облыс пен Астана және Алматы прокуратураларына тексеріс нәтижелері мен актілерінің күшін жою шараларын қабылдауды бұйыруды ұсынып, заңсыз төленген әкімшілік айыппұл сомасын кәсіпкерлерге қайтару шараларын қолға алуды тапсырамыз. Сонымен қатар, құқықтары қорғалған және заңсыз төленген айыппұл құнын қайтарып алуы тиіс кәсіпкерліктердің тізімін құрып, оны Бас Прокуратураның ғаламтор ресурсына салуды ұсынамыз», - дейді.
ҚР Бас Прокуроры орынбасары А.Кравченконың айтуынша, 91,5 млн теңге көлеміндегі заңсыз төленген айыппұл 574 кәсіпкерлік субъектілеріне қайтарылмақ.
«Облыс прокурорларына аталмыш мәселені қарауына алып, кәсіпкерліктердің өз қаражаттарын қайтарып алуын қалағалауды тапсырамын», - деді ол.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері