- Басты
- Жаңалықтар
- 2014 жылдың соңына дейін «Самұрық-Энерго» АҚ 70-ке жуық мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа қабылдайды
2014 жылдың соңына дейін «Самұрық-Энерго» АҚ 70-ке жуық мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа қабылдайды
«Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды еңбекке тарту бойынша көптеген шаралар атқарылды. Қазіргі таңда компанияда олардың саны 111-ді құрайды. Біздің жоспар бойынша, жыл соңына дейін тағы 70 шақты адамды жұмысқа қабылдамақшымыз», - дейді А.Сатқалиев.
Оның айтуынша, осы орайда компания айтарлықтай ірі және жауапты жұмысқа ден қоймақ.
«Бұл үшін арнайы құрылғылардың керек екендігін біз де түсінеміз. Сонымен қатар, онда қауіпсіздік ережелері де сақталуы керек. Бұл тұрғыда біз барлық халықаралық талаптарға сай келеміз», - дейді А.Сатқалиев.
Айта кету керек, төрағаның айтуынша, «Самұрық-Энерго» АҚ қызметкерлерінің орташа айлық жалақысы Мемлекет басшысы тапсырмасы бойынша көбейтілді.
«Жалпы, компания қызметкерлерінің айлық орташа жалақы көрсеткіші 135 мың теңге көлемінде. Біз өндірістік, инженерлік-техникалық қызметкерлердің айлығын осы деңгейге жеткізіп, бұл өз кезегінде кадр тұрақтылығына кепіл болып отыр. Сонымен қатар, компанияның мамандар алдындағы жауапкершілігі де артты», - дейді А.Сатқалиев.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы