Астанада «Қазақстандық өнім жасаймыз!» атты мерейтойлық форум өтеді

8 Сәуір, 2014 12:00
Астанада Бейбітшілік және Келісім сарайында «Қазақстандық өнім жасаймыз!» атты мерейтойлық V-ші форум өтеді.

Форумға халықаралық және отандық өндірістік кәсіпорындардың өкілдері, мемлекеттік және мемлекеттік емес даму институттарының өкілдері, және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Әсет Исекешев қатысады деп күтілуде, деп «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС баспасөз қызметінде хабарлады.    

Форумның мақсаты Қазақмыс компаниясы мен отандық және шетелдік өнім шығарушылар арасында өзара іс-қимыл жасау, өнім жеткізу, жаңа технологиялар енгізу және ынтымақтастықтың өзге де мәселерін талқылау бойынша сұхбаттастық алаңын құру болып табылады.

Барлық жаңалықтар