• Басты
  • Жаңалықтар
  • Сенатта Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске өзгерту енгізу қаралды

Сенатта Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске өзгерту енгізу қаралды

8 Сәуір, 2014 11:15
Бүгін ҚР Парламенті Сенатының конституциялық заңнама, соттық жүйе және құыққорғау органдары бойынша комитеті бірінші оқылымда ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске өзгерту енгізуді қарады.

Құжат кезең-кезеңімен жауапкершілік механизмін енгізу арқылы  парникті газды шығару көлемі бектілген квотадан асып кеткен жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартуды өзгертуге арналған, деп ҚР Парламенті Сенатында хабарлады.  

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 243-1 бабында бекітілген квотадан парникті газ көлемі асып кеткен жағдайда әр артық бірлік үшін 10 АЕК көлемінде айыппұл салу көрсетілген.  Ал, кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін көтеру және жобаларды ҮИИД мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жобаларды жүзеге асыру мақсатында заңнамада бұл айыппұл көлемін 10 АЕК-тен 5 АЕК төмендету ұсынылуда.

Сондай-ақ, заңжобасында квота беру жүйесі және квотаның ішкі саудасы  аясында тиімді жұмыс атқару үшін ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 243-1 бабының жұмысын 2013 жылдың бірінші қаңтарынан 2014 жылдың 1 шілдесіне дейін тоқтату қарастырылған.

Тұжырымдамалы түрде мақұлданған заңжобасы Палатаның қарауына жіберілген.

Барлық жаңалықтар