- Басты
- Жаңалықтар
- Сенат Бюросының мүшелері Палата отырысының күн тәртібін талқылады
Сенат Бюросының мүшелері Палата отырысының күн тәртібін талқылады
Бюро мүшелері Палатаның алдағы 10 сәуірде болатын отырысының күн тәртібін қарады, деп Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады. Отырыста, атап айтқанда, 1999 жылғы 3 желтоқсанда Пекинде қабылданған Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль Хаттамасына Түзетулерді ратификациялау туралы және Қазақстан мен Қытай арасындағы Қорғас өзенінде «Достық» ортақ бірлескен су торабын салудағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімді ратификациялау туралы заң жобалары қаралатын болды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгеріс енгізу туралы заң жобасын (бірінші оқылымда) қара жоспарлануда.
Бюрода Мәжілісте мақұлданған заң жобаларына Сенаттың бас комитеттері белгіленді. Экономикалық даму және кәсіпкерлік комитетіне Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердің экспорттық бақылауының бірыңғай тәртібі туралы келісімнің күшін жою туралы заң жобасы берілді. Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық әріптестік туралы шартты ратификациялау туралы заң жобасы берілді.
Бюро мүшелері Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын халықаралық парламенттік ұйымдарға және Парламент Сенатының шет мемлекеттердің парламенттерімен өңірлік ынтымақтастық топтарына жіберу жөніндегі ұсыныстарын қарады және мақұлдады.
Отырыс барысында Сенат Аппаратының Басшысы Александр Судьин Аппараттың 2014 жылғы бірінші тоқсаны жұмысының қорытындылары бойынша хабардар етті.
Кездесу соңында Сенат Төрағасы, «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің Бюро мүшесі Қ.Тоқаев бірқатар сенаторларға – партия мүшелеріне жаңа үлгідегі партия билеттерін табыс етті.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Ауғанстан: күн сайын өзгерген саяси ахуал жайлы -
Елордада орта есеппен күн сайын 300 адам ауруханаға түседі -
ІІМ: Жол ережесі, жаяу жүргіншілердің тәртібі және «Полицейдің бір күні» жобасы -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Нашақорлықпен күрес күні: Есірткі саудасы, интернет алаяқтық және алдын алу шаралары -
Медицина қызметкерлерi күнi: Сала үздіктері Елбасы кiтапханасында бас қосты -
14 маусым - Дүниежүзілік донор күні: Қан тапсыру қауіпті ме