• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2014 жылы Павлодар облысы Ертіс өзенінің жайылмасына судың кетуіне мониторинг жүргізу үшін 4 млн теңге бөлінді

2014 жылы Павлодар облысы Ертіс өзенінің жайылмасына судың кетуіне мониторинг жүргізу үшін 4 млн теңге бөлінді

8 Сәуір, 2014 10:15
Ертіс өзені бассейнінде ағымдағы жылдың 5 сәуірінен бастап Шығыс Қазақстан облысы су қоймаларынан су жіберу басталды.

Облыс әкімдігінде хабарлағандай, алдын ала құрылған кестеге сәйкес су жіберудің негізгі кезеңі 5 мен 23 сәуір аралығында. Су жіберуді аяқтау 28 сәуірге жоспарланған.

Су жіберу кестесіне сәйкес және гидрометеорологиялық жағдайды ескере отырып, су жіберу тікелей Шүлбі су қоймасынан жүзеге асуда.

Биыл Ертіс өзені жайылмасына судың жайылуын мониторингілеу үшін облыстық бюджеттен 4 миллион теңге бөлінді.

Сондай-ақ, мониторинг жүргізетін мердігерлік ұйым мемлекеттік сатып алулар конкурсы қорытындысы бойынша анықталатын болады. Жұмысқа тапсырыс беруші – облыстың жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы.

 

Барлық жаңалықтар