- Басты
- Жаңалықтар
- АЭФ аясында Астанада «2050 жылға дейінгі Қазақстан болашағының тұрақты энергетикасының Стратегиясы» панелді сессиясы өтеді
АЭФ аясында Астанада «2050 жылға дейінгі Қазақстан болашағының тұрақты энергетикасының Стратегиясы» панелді сессиясы өтеді
Әлемдік қауымдастықтың қолдауына ие болған Жаһандық энергетикалық экологиялық стратегиясы мен ЭКСПО-2017 жөніндегі Мемлекет басшысының бастамасын одан әрі ілгерілету мақсатында Қазақстанның, Ресейдің, АҚШ-тың және Канаданың ғалымдары «2050 жылға дейін болашақ Қазақстанның тұрақты энергетикасы стратегиясын» (бұдан әрі - Стратегия) әзірлеуде.
Аталған құжат тұрақты энергетика жөніндегі «Қазақстан-2050» Стратегиясының мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған.
Стратегия тұжырымдамасы VI Астаналық экономикалық форумының іс-шаралары шеңберінде ұсынылып, талқыланған. Сондай-ақ, әзірлеушілер БҰҰ Хатшылығының және БҰҰ-ның Бас хатшысы кеңсесінің қызметкерлерімен бірқатар кездесулер өткізді, нәтижесінде Қазақстанның ұллтық энергетикалық стратегиясын әзірлеу туралы шешімі қолдау тапты.
БҰҰ Хатшылығының өкілдері әзірленіп жатқан Стратегия «Біз қалаған болашақ» РИО+20 қорытынды құжатының рухына, сондай-ақ 2030 жылға дейінгі «Баршаға арналған тұрақты энергетика» Бастамасының мақсаттарына (заманауи энергия көздеріне жаппай қол жеткізу, қайта жаңғыртылған энергия көздері үлесінің және энерготиімділікті екі есе арттыру) толықтай сай келетінін атап өтті.
Қазақстан ұлттық жаратылыстану академиясы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен және «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамымен бірлесіп VII Астаналық экономикалық форумы шеңберінде «2050 жылға дейін Болашақ Қазақстанның тұрақты энергетикасы Стратегиясы» панелді сессиясын өткізуді жоспарлауда.
Осыған байланысты аталған панелді сессияны өткізуге даярлық ретінде мәлімденген (ұсынылған) спикерлермен онлайн-конференциялар өткізу жоспарланды.
Аталған іс-шаралар жұмысына мемлекеттік органдардың басшылары, халықаралық сарапшылар, сондай-ақ энергетика мен «жасыл» технологиялар саласындағы отандық жетекші ғалымдар қатысады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты