- Басты
- Жаңалықтар
- Душанбеде Орталық Азия елдерінің өкілдері экология саласындағы ынтымақтастықты талқылады
Душанбеде Орталық Азия елдерінің өкілдері экология саласындағы ынтымақтастықты талқылады
Қазақстан, Тәджікстан, Түркменстан мен Өзбекстанның делегациялары аймақтық ынтымақтастықты одан әрі дамыту бойынша бірқатар мәселелерді талқылап, қажетті шоғырландырылған шешімдерді қабылдады, деп ҚР Қоршаған орта және су ресустары министрлігінен хабарлады.
Алқа отырысы барысында МТДК жанынан Аймақтық қоршаған ортаны қорғау жоспары - су ресурстарының ластану проблемалары бойынша басымдылыққа ие бағыты аясында жұмыс істейтін жұмыс тобын құру мәселесін қарап шықты.
Ынтымақтастықтың бұл сала бойынша одан ары дамуы Орталық Азия елдеріндегі су сапасына қатысты бірлескен шараларды өткізуге мүмкіндік береді.
Осы ретте БҰҰ ЕЭК бірлесіп су ресустарының ластануы бойынша жұмыс тобының жоба қағидасы мен техникалық тапсырмасын әзірлеу туралы шешім қабылданды.
Сонымен қатар, келелі кеңесте МТДК шеңберінде «жасыл» экономика саласында ынтымақтастық мәселелері қаралып, осы сала бойынша өзара әрекеттердің тиімділігі сарапталды.
Бұл мәселемен таныстыру барысында қазақстандық тарап МТДК-ның мүшелерін «Жасыл көпір» бағдарламасы аясында Хартияға ену процесімен кеңірек таныстырып, оған мүшелікке өтуге үгіттеді.
Сондай-ақ, қазақстандық тараптың ұсынысы аясында МТДК порталында үздік жасыл тәжірибелерді, технология мен ақпаратты жинау бойынша бөлім ашу, сонымен қатар, «жасыл» экономиканы жүргізу бойынша оқытатын бағдарламаларды құру мен іске асыру мәселесін пысықтау керек деп шешілді.
-
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Тоқаев: Мақсатымыз - Орталық Азияны тұрақты, экономикалық жағынан дамыған өңірге айналдыру -
Тәуелсіздкке 30 жыл: Орта Азия елдерінің театрлары өнер көрсетеді -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
COVID-19: Еуропа елдерінің шекарасы кімдерге ашық, қандай қызметтерге рұқсат етілген -
Білім саласындағы 5 әлеуметтік жоба: Бағыты, ерекшелігі және мүмкіндіктері -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары -
«ECO MEKEN» экологиялық реалити шоу кастингiне қалай қатысуға болады -
«Ауыл – ел бесігі»: Жол, тұрғын үй мәселелері мен білім, денсаулық саласындағы өзгерістер