• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қарағанды облысында геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге шамамен 25 млрд теңге қарастырылған – Н.Сауранбаев

Қарағанды облысында геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге шамамен 25 млрд теңге қарастырылған – Н.Сауранбаев

7 Сәуір, 2014 17:20
Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары аясында геологиялық барлау жұмыстарына шамамен 25 млрд теңге қарастырылған, деп мәлімдеді бүгін Геологтар күніне арналған салтанатты жиын барысында ҚР индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Нұрлан Сауранбаев.

«2000-2013 жылдар аралығында инвестицияның суммалық көлемі 8 трлн теңгеден асса, соның ішінде 234 млрд теңгесі геологиялық барлау жұмыстарына бағытталған. Аталмыш бағыттарда жекелеген жетістіктер де жоқ емес. 2010-2013 жылдар аралығында пайдалы қазбалардың басым түрлері қорының өсімі артып, республикалық бюджет есебінен алтын қорының өсімі 314 тонна, мыс 1,7 млн тонна, цинк 986 мыңтоннаны құрайды», - дейді Н.Сауранбаев.

Сонымен қатар, 2030 жылға дейінгі геологиялық саланың даму тұжырымдамасы мен 2015-2019 жылдарға арналған ҚР минералды-шикізаттық кешенінің ресурстық базасын дамыту бағдарламасы дайындалды.

Бағдарлама бойынша республикалық бюджеттен 160 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалмақ.

Өңірлерді геологиялық зерттеу жұмыстары жандандырылыып, осы орайда моноқалаларға басымдылық берілді. Мысалға, Жезқазған өңіріндегі 130 мың шаршы шақырым жерге геологиялық барлау және зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

Жоспарланған жұмыстар бойынша 14 құрылым қарастырылып, 2012-2014 жылдарға арналған геологиялық барлау жұмыстарына 1 млрд теңге бөлінген.

Сонымен қатар, 2014-2016 жылдарға арналған қосымша шығындар 1,6 млрд теңгені құрайды.

Бұдан бөлек Қарағанды облысы Жезқазған, Сатпаев қалалары мен Ұлытау аудандарының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары аясында 25 млрд теңге жоспарланған. Сонымен қатар «Қазақмыс» корпорациясы есебінен 2014-2015 жылдарға 5,6 млрд теңге бөлінеді.

Және де 2014 жылдың 1 шілдесінен бастап, вице-министрдің айтуынша, ИЖТМ Үкіметке Тау-кен кодексі тұжырымдамасын ұсынады.

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар